astana-view

Бизнес-омбудсменді ҰКП таныстыру бойынша Мемлекет басшысы тағайындау керек - А. Перуашев

2014 жылғы 03 Наурыз
4252 просмотров

Бизнес-омбудсмен ҰКП таныстыру бойынша Мемлекет басшысымен тағайындалу керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Пераушев хабарлады.

"Біз бизнес-омбудсмен институтының мекемесіне өте ризамыз, ол жеке кәсіпті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сынды қамқорлыққа алуды қолдайды, бұл мемлекет пен жеке бизнес арасында ынтымақтастықты арттырады", - деді А. Перуашев.

Оның айтуынша бизнес-омбудсмен институты бүгінде бизнес мәдениеті дамыған елдерде жетістікке жетті. Бизнес-омбудсменді сайлауды Мемлекет басшысы жүзеге асырады. 

Оған қоса, кейбір елдерде А. Перуашев атап өткендей, бизнес-омбудсмен соттық немесе атқарушы құзіреттілікке ие бола алмайды. 

"Оның функциялық мандаты жеке кәсіпкерліктің заңды мүддесіне қатысты талас-тартыстарға кеңес беру және заң бұзушылық жағдайында кәсіпкерлердің құқын қорғау мақсатында құзіретті органдарға жүгіну болып табылады. Бизнес-омбудсмен жұмысының маңызды бөлігі кәсіпкерлікті реттеуде кемшіліктерді анықтау, қызметтің осы түрі бойынша заңнамалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау мен енгізу", - деді депутат.

Сонымен қатар, оның айутынша, бизнес-омбудсменнің міндеті бірқатар елдерде бақылау тендециялары мен нақты мемлкеттік ведомстваларда кәсіпкерлердің құқын сақтау туралы Үкімет пен Мемлекет басшысына жыл сайын есеп беру. 

"Халықаралық тәжірибені ескере отырып және отандық жұмстарға сараптама жасай отырып, менің ойымша, Қазақстандағы бизнес-омбудсмен ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен Президенттің өзін тағайындау анағұрлым тиімді болар еді. Осы тұрғыда ұйымдастырылған жұмыс ҰКП-на бағытталуы керек", - деді А.Перуашев.

Оның пікірінше, бизнес-омбудсменнің тек кәсіпкерлер палатасы тарапынан тағайындалуы оның қызметінің артқарылуының тиімділігін төмендетпек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер