astana-view

Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары Мәскеуде кездеседі

2014 жылғы 04 Наурыз
3706 просмотров

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы Мәскеуде 5 наурызда өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей, Беларусь және Қазақстанның Президенттері интеграциялық өзараәрекеттесудің шешуші бағыттарын - Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруды, сондай-ақ, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімнің үстінен жұмыс жүргізуді талқылайды", - делінген таратылған хабарламада.

Бұған дейін Еуразия экономикалық одағы туралы келісім жобасы Астанада талқыланып жатқаны туралы хабарланған болатын. "3-5 наурызда Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразия экономикалық комиссиясының отырысы өтеді, онда Еуразия экономикалық одағы туралы келісім жобасы қаралады", - деп хабарлаған еді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер