astana-view

Құрылыс салу қағидалары дайындалуда

2015 жылғы 25 Қараша
9975 просмотров

Құжатты қабылдау мерзімі 2016 жылғы 1 қаңтарға белгіленіп отыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен өткен жиналыста құрылыс саласындағы рұқсат ету процедуралары және сараптама құнын анықтаудың жаңа әдістемесін енгізу мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар, құрылыс компаниялары, жобалау институттары өкілдерінен тұратын жиналысқа қатысушыларға Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат ету процедураларынан өту қағидалары таныстырылды. Сонымен бірге нысандар құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, сондай-ақ түрлі деңгейдегі аумақтарда қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын анықтаудың жаңа Қағидалары жайлы хабарланды.

Жаңа Құрылыс салу қағидаларына сәйкес «бір терезе» қағидатын жүзеге асыру, соның ішінде инженерлік желілерге қосылу кезінде монополист ұйымдармен әрекеттестік бойынша да жүзеге асыру көзделуде. Бастапқы құжаттарды ұсыну мерзімдері 500-ден 30 жұмыс күнінен дейін, ұсынылатын құжаттар тізбесі 55-тен 15-ке дейін қысқартылады. Алайда, дайындаушылар баса көрсеткендей, жер телімдеріне құқықты ресімдеу мәселелері редакцияға енбеген. Аталмыш процедуралар ҚР Жер кодексінде анықталған және қосымша пысықталуы қажет.

Құрылыс салу қағидаларын таныстыру барысында жекелеген қауымдастықтар мен өңірлер құрылысқа жер телімдерін беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, салалық сараптамадан өту және т.б. процедураларға ескертулерін жеткізіп отырды.

Осыған орай жер қатынастары мәселелері бойынша жеке отырыс өткізу, сонымен қатар Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығы, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, ТКШ және жер ресурстары басқармасы комитетінің уәкілетті өкілдері, Астана ӨКП, Қазақстанның Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы, ҰКП салалық қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін ұйымдастыру ұсынылды. Ал құжатты қабылдау мерзімі 2016 жылғы 1 қаңтарға белгіленген.

«Мемсараптама» РМК бас директоры Асқар Сманқұлов хабарлағандай, Сараптама құнын анықтау қағидасын даярлау кезінде 11 346 жоба талдаудан өткізіліп, 1 122 сарапшы жеке үлесіне баға беруді анықтау мақсатында сұрау парағын толтырды. Ақырында бір адамның 1 күн ішінде сараптама өткізу құны 23982 теңгені құрады.

Оның айтуынша, қолданыстағы әдістемемен салыстырғанда сараптама құнының азаюы күтілуде.

Қазақстанның Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының вице-президенті Серік Рустамбеков өз кезегінде сараптама құнын анықтауға деген жаңа көзқарастың мемлекеттік сараптама кезінде тек мәлімет ретінде тіркеліп, талданбайтын жобалау-зерттеу жұмыстарының құнын ескеретінін атады.

Жиналыс барысында жекелеген кәсікерлер, атап айтқанда Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан обылстарының кәсіпкерлері нақты жобалар бойынша, «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік сараптамаға материалдар тапсыру кезінде туындайтын түйткілдер жөніндегі мәселелерді көтерді.

Асқар Сманқұлов ҰКП алаңында кәсіпкерлерге «сұрақ-жауап» форматында Мемлекеттік сараптамамен әрекеттесу тәртібін түсіндіруге, сонымен қатар жалпы РМК қызметін таныстыруға, сараптамаға өтініштер мен материалдарды қабыладу процесіне енгізілген жаңалықтар, мерзімдер және т.с.с. ақпарат беруге уәде етті.

Осылайша, ҰКП алаңында жақын арада жер қатынастары, «Мемсараптама» РМК қызметі және құрылыс саласындағы бастапқы-рұқсат құжаттарды беру мәселелері бойынша бірқатар жиналыстар өткізу жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер