astana-view

Орынборлықтар ақтөбеліктер тәжірибесін үйренбекші

2015 жылғы 30 Қараша
- Ақтөбе облысы
8129 просмотров

Ресейліктер Кәсіпкерлікті  дамыту орталығының қызметіне қызығушылық танытып отыр

Өткен жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев РФ Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергпен бірге Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасында болып қайтты. Күннің бірінші жартысында қонақ «АKTOBE INVEST 2015» 3 халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

Орынборлықтар өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлікті дамыту орталығы мен Инвесторларға қызмет көрсету орталығының қызметіне қызығушылық танытты.

«Орталықтың негізгі мақсаты – «бір терезе» әдісімен шағын және орта бизнеске кешенді көмек көрсету, бизнес ашу және жүргізу сатысында кәсіпкерлерде туындайтын кедергілерді төмендету. Орталық мамандары сонымен қатар бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуде, маркетинг және менеджментте көмек көрсетіп, мемлекеттік сатып алулармен байланысты ақпараттық технологиялар саласында консультация беретін болады», - деп жеткізді қонақтарға ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Бұл жерде, шынымен де, барлығына барлық қызмет түрі көрсетіледі екен. Тегін. Нәтижелер жаман емес: жыл басынан бері КДО 3320 сервистік қызмет көрсетіп, «Бизнес-мектеп» жобасының аясында 1096 адамды оқытқан. Сонымен қатар 2015 бизнес-жоба даярланып, оның ішінде 55 251 миллион теңгеге қаржыландырылды. 

Бердібек Сапарбаев пен Юрий Берг риза боп қайтты. Келіссөздер жүргізу, қажет құжаттаманы ресімдеу үшін бар жағдай жасалған Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығын да үлкен қызығушылықпен аралады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер