astana-view

Гүлнар Құрбанбаева өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды

2015 жылғы 30 Қараша
10411 просмотров

Бұдан былай ҰКП Басқарма төрағасының экс-орынбасары өтінішінде Ұлттық палатадан отбасылық жағдайына байланысты кетіп бара жатқанын көрсете отырып, өз еркімен жұмыстан шықты.

Гүлнар Құрбанбаева «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында құрылған сәттен бері жұмыс жасап келді. Шағын және орта бизнсті дамыту және қолдау, сауда және туризм мәселелеріне жетекшілік етті.

Гүлнар Құрбанбаева Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы «Қарағандыкөмір» ӨБ «Углеремстрой» тресі жүйесінде экономист болып бастаған. Қарағанды қаласы әкімшілігінде, Қарағанды облыстық әкімдігі экономика және кәсіпкерлік басқармасында қызмет еткен.

1998 жылдан осы уақытқа дейін – «Қарағанды облысы Кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры.  2010 жылдан бері Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму мәселелері жөніндегі Экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы. Стратегиялық және бизнес-жоспарлау, «Менеджмент», қызметкерлерді басқару, салық және құқық пәндері бойынша сертификатталған тренер.

2013 жылғы қыркүйек айынан бері – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер