astana-view

Тимур Құлыбаев: «Ұлттық палатаның сатып алуларға қатысуы отандық кәсіпкерлерге қатысты кемсітуді болдырмайды»

2015 жылғы 03 Желтоқсан
9208 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулар саласындағы әрекеттестік туралы Келісімге қол қойды

Келісім аясында отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімдік шарттар жасасу және мониторинг жөніндегі салалық жұмыс тобы құрылып, оған «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері де кіретін болды. Олар сонымен қатар Қор сатып алулары бойынша нормативтік актілерді дайындауға және жетілдіруге қатыса алады.

Ұлттық палата сарапшылары сонымен қатар 2014-2022 жылдарға арналған Әрекеттегі өндірістерді модернизациялауға және жаңа өндірістер құруға жәрдемдесу бағдарламасын жүзеге асыру аясында жобаларды қарау және бағалау жөніндегі Комиссия құрамына да кіреді.

ҰКП өкілдері сонымен бірге әлеуетті жеткізушілер мен тапсырыс берушілердің инвестициялық және өзге де жобаларына қатысуға өтінімдер, жобалау-сметалық құжаттамаларды, техникалық-экономикалық негіздемелерді, техникалық тапсырмаларды қарауға тікелей қатысатын болады. Бұл БК құруды қосқанда жергілікті мазмұнның ең төмен және ең жоғары көрсеткіштерін белгілеуге, отандық кәсіпорындарды қосалқы мердігерлік жұмыстарға тартуға, сонымен қатар жергілікті мазмұнды дамыту үшін өзге де нұсқаулықтарды дайындауға мүмкіндік береді.

«Бағалау алдындағы іріктеуден бастап сатып алулар өткізу жөніндегі бақылау функцияларымен аяқтағанда Ұлттық палата өкілдері барлық жерде шақырылып отыр, яғни қызметкерлеріміз орталық деңгейде ғана емес, өңірлерде де сатып алуға өтінімдер қалыптасу кезеңіне қатыса алады. Қор кәсіпорындарының күллі ел жүзінде шашырай орналасқаны түсінікті жайт, өңірлерде де олар отандық тауар өндірушілерге қатысты ТЭН деңгейінде кемсіту шаралары қолданылмас үшін, жергілікті өңірлік палаталармен әріптестік мүмкіндігін іздестіретін болады. Егер өнімнің аталмыш түрі Қазақстанда өндірілетін болса, оның дизайн-жобасын даярлау деңгейінде жаттқанда сатып алуларға қосылуын сұрайтын боламыз. Қазақстанда өндірілетін жабдық не өнімнің қандай да бір сатып алулар түрінде қолданылуының ерте бастан қарастырылуын қалаймыз», - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

Оның үстіне, келісімшартқа қол қою мерзімі 25 күнге дейін ұлғайтылды – отандық тауар өндірушіге қатысты кез-келген бұзуға шағым жасаудың мүмкіндігі туып отыр. Сонымен қатар техникалық тапсырмаларды жасау кезінде үлестес компаниялардың мүдделері ескерілмеуі үшін жеткізу күні 60 күнге дейін көбейтілді.

«Соңғы екі жылда сатып алуларды жүзеге асыру кезінде байқалған жағымсыз тәжірибені «тазалап» жатырмыз. Осы келісім аясында аталмыш мәселелерді қалайша тиімдірек шешуге болатыны төңірегінде бір ойға келетін боламыз. Тағы айтқым келетіні: қиын кезең, дағдарыс, мемлекеттік сатып алулар, қор сатып алулары қысқартылған, сондықтан да көзделген сатып алулардың барлығы тиімді әрі отандық өндірушілерді қолдау мақсатында жүзеге асырылуға тиіс», - деп атады ҰКП Төралқасының басшысы. 

Биылғы жылдың қыркүйек айында «Самұрық-Қазына» АҚ-да ДСҰ нормаларына және ЕАЭО Шарты талаптарына сәйкес дайындалған сатып алулардың жаңа тұжырымдамасының жобасы таныстырылды.

«Қор қазақстандық мазмұнға ерекше назар аудара отырып, сатып алулар жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын көтеру жөніндегі жұмысты жоспарлы түрде жүргізуде. Ұзақ мерзімдік шарттар – жоғары бәсекелестік жағдайында отандық кәсіпкерлерді қолдау шараларының бірі. Ал енді Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге өндірушілер деңгейін көтеру жөніндегі жұмыстар да жүргізілетін болады. Жергілікті жеткізушілерден сапалы тауарлар мен қызметтер алу – әрбір қазақстандық үшін өте маңызды», - деп атады «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Бірлескен жұмыстың негізгі үш бағытта шоғырланғанын атап өту керек: отандық өндірушілер арасында ұзақ мерзімдік шарттар жасау, жоспарланған және жүргізіліп жатқан сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету, сонымен қатар тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағасы мен жергілікті мазмұн үлесіне мониторинг.

Аталмыш жұмыс қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайда отандық өндірушілердің орта және ұзақ мерзімдік келісімшарттар алуына және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында бәсекелестік үшін күш жинап алуына мүмкіндік береді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер