astana-view

Бәске тігілген өңірлік бизнес

2015 жылғы 04 Желтоқсан
- Жетісу облысы
8745 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бизнес-қоғамдастық алдында есеп берді

Іс-шара «Меруерт» кешенінде өтті. Бұл орынның таңдалуы да кездейсоқ емес. Тура он жыл бұрын Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келген болатын. Алматы облысы бизнесмендерімен Мемлекет басшысының кездесуі дәл осы «Меруерт» мәдени-ойын сауық орталығында өткен еді. Аталмыш мекемеде Нұрсұлтан Назарбаев өңір үшін ғана емес, жалпы республика үшін мемлекеттік маңызға ие құжатқа қол қойды. Тәуелсіз елдің тарихында алғаш рет Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы» кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. «Сіздер нағыз жұмылған күшсіздер!», - деп атады Мемлекет басшысы өз сөзінде. Бұл сөздер жергілікті кәсіпкерлерге рух берген еді.

Содан бері тура 10 жыл өтті. Міне, бүгін бизнес өкілдері (200-ден астам адам) салмақты да сындарлы сұхбат жүргізу үшін, осы залда қайтадан бас қосып отыр. Бұл ірі, орта және шағын кәсіпорындарға даму институттары, екінші деңгейдегі банктер, салалық қауымастықтар, сараптау, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар басшылары. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мемлекеттік құрылымдар басшылары, жергілікті атқару органдарының өкілдері де қатысты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кездесуді аша отырып: «Алматы облысы есептік кездесуді жетінші болып өткізіп отыр. Және де бұл кездесуде облыс басшылығының қатысуы өте маңызды болып табылады. Оның үстіне, Мемлекет басшысы жақында ғана халыққа Жолдауында экономика дамуына, оның өсуіне және кәсіпкерлікті қолдауға үлкен мән беріп кеткен еді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – ашық ұйым, және де есептік кездесулерде пікір алмасу, тапсырма алу және болашақ жұмысты жоспарлау аса маңызды болып табылды», - деп атады.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз кезегінде: «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздің және өңірдердің қоғамдық-саяси өмірінде лайықты орнын табады. Облыс басшылығы пікірлері мен тілектері ескерілетін барлық комиссиялар мен отырыстарға белсене ат салысып жүрген өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасап жатыр», - деп баса көрсетті.

Өңір басшысының сөзінен кейін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева үстіміздегі жылдың басынан бері жүргізілген жұмыс туралы толық есеп ұсынды. Есепте кәсіпкерлер үшін ең өзекті әрі өткір мәселелер де қозғалды. Атап айтқанда, кредиттердің, әсіресе, ауылдық жерлерде қолжетімсіздігі. «Жалпы, қарыздық қаражат шағын және орта кәсіпкерліктегі негізгі көпшілікке жеткен жоқ. Кредит беру шарттарын, БЖК-2020 бағдарламасындағыдай, екінші деңгейдегі банктер ғана анықтайды және кепілдеменің өтімділігін талап ететін екінші деңгейдегі банктердің ішкі ережелері бойынша  анықталады. Өңірлер үшін жобаның басымдылығы және жүзеге асырылу қажеттілігі ешқашан ескерілмейді», - деп атады ӨКП басшысы.

Оның айтуынша, деректерді онлайн-беретін бақылау-кассалық машиналарды орнату кезінде қиындықтар баршылық.

«Табыс деңгейі төмен аудандар мен шағын қалаларда бензин және алкоголь өнімін сататын кәсіпкерлердің шағын бизнес субъектілері үшін жаңа БКМ сатып алу – тағы бір шығын көзі. Аталмыш кәсіпкерлер санатының қызметі табыстылардың бірі болып табылған еді, сонымен бірге үнемі жаңа шығындар да пайда болып тұрады: 59,5 мың теңге мен 198,2 мың теңге аралығындағы алкоголь өнімін өткізу бойынша жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу, 60-80 мың теңге тұратын POS-терминал орнату. Енді оған 66-96 мың теңге тұратын деректерді онлайн беру функциясы бар БКМ орнату кәсіпкерлерге қосымша ауыртпалық болады да, ақырында лицензиядан бас тартуға, тарауға немесе «көлеңкеге» кетіп қалуға әкеледі», - деп түсінік беріп кетті Ләззат Шыңғысбаева. Оның айтуынша, Палата деректерді беру функциясы бар БКМ орнату мерзімін кәсіпкерлердің барлық санаттары үшін 2016 жылғы ұзарту, салық салу режиміне қарамастан, шағын бизнес субъектілері үшін деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ қолданудың күшін жою жөніндегі ұсыныс бастамалады.

ӨКП директоры баяндағандай, шаруа қожалықтары үшін салық салудың жалпы белгіленген тәртібін қолдану қиын болып отыр.

«Салық салудың жалпыға белгіленген режиміне ауыстыру кезінде салық ауыртпалығы артып, салық есебін тапсыру процесі күрделенді, табыстар мен шығыстар есебін жүргізу, растау құжаттарын жинау, бухгалтерия жүргізу немесе бухгалтер ұстау қиындады. Алматы облысының мөлшерін ұлғайтуды ұсындық: шабындықтар бойынша - 1000 га, жайылымдар бойынша барлығы үшін бірдей китерийлер енгізу. Қазір жекелеген өңірлер бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде ауыл шаруашылық мақсаттағы жер телімдері жиынтық ауданының шектік мөлшері қайта қаралды. Сонымен қатар жер телімдерін аймақтарға бөлу жасалды», - деді Ләззат Шыңғысбаева.

Сонымен қатар өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірқатар ұсыныстарды алға тартты, атап айтқанда, ҰКП-ға бюджеттік инвестициялар бөлу жөніндегі қаржы-экономикалық негіздемелер сараптамасын жүргізуді беру. Бюджет кодексіне сәйкес, қызмет ұсынушыны әкімдіктер айқындайды. Қазіргі сәтте қызметтерді мемлекеттің 100% қатысуымен «МЖӘ дамыту орталығы» ЖШС көрсетуде. Сондай-ақ ШОБ-ты қолдау инфрақұрылымын құру, атап айтқанда ауылдар үшін кредиттің қолжетімді болуы үшін кредит беру тетігін жасау.

ӨКП тағы бір ұсынысы: шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың шоғырлану процесінде жанама макроэкономикалық реттеу шараларын қолдану, мысалы, егістік алаңдар көлеміне қарай ауылшаруашылық өндірушілер үшін сараланған субсидиялауды енгізу және басқалары.

Залда отырған кәсіпкерлер де түйткілді мәселелер көтеріп, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасынан да, өңір басшысынан да жауап ала алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер