astana-view

Тимур Құлыбаев: «Шетелдік инвесторларға арналған көлемді қызмет алаңы»

2015 жылғы 07 Желтоқсан
9511 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бірқатар жетекші елдер дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті

Бұл Тимур Құлыбаевтың «Атамекен» ҚР ҰКП басшысы ретінде өткізген үшінші кездесуі. Үш жыл бұрын кездесуге он адам қатысса, былтырғы жылы екі есе өсіп, бұл жолғы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен кездесуге түрлі елдердің жиырма бес өкілі қызығушылық танытқан екен.

Сұхбат барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне негізгі қорытындылар жасалды. «Атамекеннің» Қазақстандағы бизнесті азаматтығына қарамастан қолдау, қорғау және дамыту жөніндегі маңыздылығы мен ықпалдылығын баса көрсеткен шетелдік өкілдер Палата роліне жоғары баға берді.

«Тимур Құлыбаевтың кеңесімен Павлодар, Талдықорған, Қызылорда, Орал сияқты бірқатар қалаларда болып, онда Ұлттық палатаның өңірлік филилдарындағы бизнесмендермен кездестім. Жер-жерлердегі жұмыстың қалай жасап жатқанын көрдім. Мен үшін бұл кездесулер тіпті әкімдермен болған кездесулерден де әлдеқайда пайдалырақ болды, - деп ескертті Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Францис Этьен. – Француздық негізгі компаниялар Қазақстанға ертеден инвестиция салып келеді, бірақ кейбірінің белгілі бір қиындықтары бар (…) Барлығымыз да бизнеске көрсетілген көмектің тамаша мысалдарынан әжептәуір хабардармыз, сондықтан да Ұлттық кәсіпкерлер палатасына нвесторларымыздың қалыптасқан қиындықтарын шешуге көмектесуін сұрап жүгінеміз».

Ұлттық палата Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев экономикалық процестер дамуындағы басты фактор ретіндегі елдегі жағымды іскерлік климатты ұстап тұрудың маңыздылығын баса айтты.

Кездесуге қатысушылар бірқатар жағымды өзгерістерді атап өтті: бизнесті қолдаудың түбегейлі іс-шаралары туралы қабылданған заң, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлікке әкімшілік кедергі жасауына заңнамалық деңгейде салынған тыйым. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жеткізген «Бес институционалдық реформа» және «100 нақты қадам» Бағдарламасы жағдайды айтарлықтай өзгертті. Еңбек кодексі біршама либералданып, ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) стандарттарына негізделді. Бизнесмендердің кінәсіздік презумпциясы, кәсіпкерлерге қатысты бұзуларға жол бергені үшін қылмыстыққа дейінгі шенеуніктер жауапкершілігі және көптеген басқалары жазылған жаңа Кәсіпкерлік кодексі де бизнес құқығын өрістете түседі.

Кездесуде екі мәселеге ерекше назар аударылды: адами капиталды дамытуға және Мемлекет басшысы жариялаған елдегі кең көлемді жекешелендіруге. Елбасы ұлтаралықтарды қосқанда барлық компанияларды мемлекеттік меншікті жекешелендіру жұмысына қатысуға үндеген болатын.   

«Ел Президентінің тапырмасымен тіпті стратегиялық активтер қайта қаралып, жекешелендіруге берілетін болады. Осылайша мемлекет өзіне тән емес функциялардан барынша арылмақшы. Ұлттық палата мен Сыртқы сауда палатасы салмақты инвесторларға, соның ішінде шетелдіктерге де сервистік көмек көрсетуге дайын. Бұл бірлескен қызмет үшін көлемді алаң деп есептеймін. Интерактивтік карта құрастырылып болып қалды. Оған ынтымақтастыққа дайын түрлі қызмет салаларындағы он мың қазақстандық компания кіріп отыр. Жақында жұртшылыққа таныстырылмақшы», - деді Тимур Құлыбаев.

Ол сонымен қатар Қазақстан үшін басымдылықты мәселе адами капиталды дамыту жайлы сөз етті.

«Еліміздің алдында әртараптану міндеті тұр. Оны мамандарсыз жүзеге асырудың мүмкін емес екені түсінікті дүние. Атамекен дуалды білім беруді өркендетуге белсене ат салысуда. Мемлекет басшысы аталмыш жүйені қаржылай қолдау жайлы жариялады, сонда мемлекет кәсіптік және техникалық білімге ақы төлейтін болады», - деп атады ҰКП Төралқа төрағасы.     

Канаданың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл елінің көп жылдық тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, білім беру тақырыбын іліп әкетті.

«Атамекеннің» бұл мәселеде маңызды роль ойнайтынына қуаныштымын. Канададағы КжТББ даму табысы жеке меншік сектор мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының оқыту бағдарламаларын дайындаудағы тығыз ынтымақтастығы мен кадрларға қажеттілікке жылдам үн қататын өнеркәсіп пен индустрияға негізделді. Статистикаға сәйкес, Канадада КжТББ түлектерінің 85%-дан астамы бірінші жылдан жұмысқа тұрып кетеді. Көбіне жеке меншік сектордың оқу бағдарламаларын дайындауға белсенді түрде тартылуының арқасында. Жеке болсан, шетелдік болсын, инвестициялардың сұралатын қызметкерлер даярлығына, оқу орталықтарын құруға бағытталуын қолдаймын. Ал ҰКП өңірлік желісі бұған көмектесе алады. Қазақстан мен Канада өте ұқсас: көлемі, орналасуы, халық саны жөнінен. Күллі ел көлемінде оқу колледждері желісін құру бойынша тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деп ұсынды канадалық дипломат. 

ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев кездесу соңында Қазақстан мен кездесуге қатысушы елдердің көп жылдық ынтымақтастығы халықаралық қатынастардың маңызды құрамдасы болып табылатынын, ал мұндай реттеуші іс-шаралардың өзара тиімді экономикалық серіктестік мәселелері жөніндегі сындарлы сұхбаттың дамуына сеп боларын атады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер