astana-view

2015 жылғы 08 Желтоқсан
7817 просмотров

Бюджеттік қолдау нақты шарттармен кепілдендірілген

Мемлекет қазақстандық ірі кәсіпорындар өндіретін өнімге деген сұраныс пен баға түсіп кеткен жағдайда шығындарын барынша азайтуға көмектеседі. Алайда бюджеттен берілетін көмек нақты шарттармен берілетін болады, әрі шектелмеген. Сонымен, жұмыс берушілер  ірі кәсіпорындарда өндіріс көлемі мен өнім бағасы төмендеген жағдайда қысқартылған жұмыс уақыты үшін жұмысшылар жалақысының бір бөлігін уақытша субсидиялау тетігінің көмегімен білікті қызметкерлерінің жұмыс орындарын сақтай алады. Жаңалықтар жайлы баяндаған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, уақытша субсидиялау білікті қызметкердің жалақысы мен жұмыс уақытының қысқаруына байланысты шығындалғанның 2/3 мөлшерінде ұсынылып отыр. Сонымен бірге өнеркәсіптік кәсіпорын мына шарттардың біреуіне сәйкес келуге тиіс. Ол қала құрушы өндіріс орны болуға тиіс, ал экспортқа жеткізілетін тауарлар үлесі аталмыш кәсіпорын өндіретін тауардың жалпы көлемінде кем дегенде 30% в құрауы қажет. Ішкі нарыққа жеткізілетін тауарлар үлесі облыстық көлемнің кем дегенде 30%-н немесе республика бойынша көлемнен кем дегенде 10% құрайды. Министр сонымен бірге уақытша субсидиялаудың негізгі өндірістерде және өндірістерді алты ай бойында, тағы да жарты жылға созу мүмкіндігімен еңбек ететін жұмыскерлер үшін ғана көзделетінін атады.

Министрлік ұсынатын келесі тетік – бұл өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлерін олардың жұмыс орындарын сақтай отырып оқытуға жұмыс берушілерге грант беру. Мемлекет гранттары кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында белгіленген оқу құнының 80%-н жабатын болады. Қалған 20%-ды жұмыс берушінің өзі қаржыландырады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сонымен қатар жұмыс жасайтын жастардың кәсіптік оқытылуын ғана емес, микро кредит беру жүйесін кеңейтуді де ұсынып отыр. Кредиттер ұсақ тауарлы өндірістерді ұйымдастыруға жұмсалады деп жоспарлануда. Яғни бұл шағын семірту алаңдары, шағын сүт кәсіпорындары, шағын құс фермалары. Кейін микрокредит алған ауылдықтар өнімді өткізу және жеткізу мәселелерін өз беттерінше шеше отырып, ауылдық кооперативтерге бірігеді.

Микро-кредиттерді бизнесті кеңейту үшін де алуға болады. Тамара Дүйсенова сонымен бірге олардың тек жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрған жағдайда және халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы міндетті түрде жұмысқа тұрғызған жағдайда ғана ұсынылатынын атады.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер