astana-view

Бизнесті қорғау және қолдау – басым міндет

2015 жылғы 09 Желтоқсан
9398 просмотров

«Атамекен» ҰКП 2015 жылғы қызметке қорытынды жасады және 2016 жылға арналған Жұмыс жоспарын ұсынды

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ұлттық палата Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңейтілген отырысы өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов 2015 жылғы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының Есебін жеткізіп, 2016 жылға арналған «Атамекен» ҚР ҰКП Жұмыс жоспарын таныстырды.

ҰКП Басқарма басшысының баяндамасына қарағанда, «Атамекен» ҚР ҰКП қызметінің басым міндеті – бизнес-ортаны жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау, бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, сатып алулар жүйесі мен жергілікті мазмұнды дамыту, адами капиталды дамыту.

«2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰКП белсене ат салысуымен Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет жағдайын түбегейлі жақсарту мәселелері жөніндегі Заң күшіне еніп, оны қабылдаудан кәсіпкерлік субъектілері үшін болған жалпы экономикалық әсер (қаражат үнемдеу) жылына 14 млрд. теңгеден асып түсті. Сонымен қатар рұқсат ету процедураларының күшін жою және оңтайландыру жолымен бизнеске жасалатын әкімшілік қысымды төмендетуге қол жеткізілді, бизнес үшін операциялық шығындар кеміді. Сонымен – 481-ден 198 рұқсат немесе 41% қысқартылады. 2016 жылы заң қабылданғаннан кейін  283 рұқсат қалады», - деп атады өз сөзінде Абылай Мырзахметов.

Бизнесті қорғау желісі бойынша 2013 жылғы қазан айынан бастап кәсіпкерлерден шамамен 9600 шағым келіп түсті (ҰКП-ға 2 900-ге жуық, 6700-ден астамы ӨКП-ға). ҰКП жүйесіне келіп түскен барлық шағымдардың ішінде 41% бойынша оң шешімге қол жеткізілді. Кәсіпкерлік субъектілерінің 16 млрд теңгеден астам сомадағы айыппұлдары мен өсімпұлдарының күші жойылды (2015 жылғы 11 ай ішінде 8,7 млрд. теңге).

ҰКП Басқарма басшысы сонымен қатар Кәсіпкерлік кодексінің қабылданғанын хабарлады. Оған сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап бизнес-омбудсмен институты енгізіледі (кәсіпкерлер құқығы бойынша уәкілетті).

188 аудан орталығы, моноқала, шағын қалада Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды, 23 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) қызмет жасайды.

Өзекті мәселелердің бірі – бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету. «БЖК-2020» Бірыңғай бағдарламасының аясында ҚР ҰКП айналымдық қаражатты толықтыруға 7,2 млрд теңге қосымша қаржыландыру бөлу туралы ұсынысы қолдау тапты. Бұл 100 млрд теңгеге жуық кредитті қаржыландыруға мүмкіндік береді. ҚР ҰКП субсидияланатын мөлшерлемені 16 пайызға дейін ұлғайту туралы ұсынысына қолдау жасалды. Оның ішінде 9% кәсіпкер төлесе, айырмашылығын мемлекет субсидиялайды. Ұлттық қордан жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қарыздарын қайта қаржыландыруға 25 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр», - деп хабарлады ҰКП Басқарма басшысы.

Тағы бір толғақты мәселе – сатып алулар. ҰКП Басқарма басшысы атағандай, ағымдағы жылдың 10 айы ішінде «Атамекенге» сатып алулар саласындағы бұзуларға 353 өтініш келіп түскен (2014 жылы  - 268 өтініш). «Оқиғалардың 40%-да талаптарды белгілі бір жеткізушіге сай қалыптастыру туралы және мемлекеттік сатып алулар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алулары саласындағы негізсіз қабылдамаулар туралы бұзуларды бақылау органдары растайды», - деді ол.

ҰКП және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2014 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіп келе жатқан бірлескен жұмысының нәтижесі ОТӨ-мен 334,6 млрд теңгеден астам сомаға 750 ұзақ мерзімдік шарт жасасуға әкелді.

Абылай Мырзахметов атағандай, кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, дамудың басты факторы – өткізу нарығына қолжетімділік. «Өткізу нарығына қолжетімділік түйткілін бизнес шешімдер арқылы, сонымен бірге МЖӘ құралдарын қолданумен шешкен дұрыс. Оның айтуынша, сонымен қатар жекешелендіру процесінде отандық бизнес мүдделерін барынша қамтамасыз ету де маңызды. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы 2016 жылға арналған Жұмыс жоспарын ұсына отырып, бірқатар ұсыныстар жеткізді. Сонымен, Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы бойынша Инвесторларды қолдау және сүйемелдеудің бірыңғай орталығын құру, артық мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға (ӨРҰ) беру ұсынылып отыр.

ҚР ҰКП сонымен қатар мынадай ұсыныс енгізді: «Даму» КДҚ тәуелсіз директорларын (3 адам) ҰКП ұсынуымен сайланады, сондай-ақ 2016 жылдан бастап сервистік функцияларды қайталауды болдырмай және бұл функцияларды толығымен ҰКП-ға облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы КҚКО операциялық залдарын сенімгерлікпен басқаруға беру.

ҰКП импорттың орнын алмастыру жөніндегі шараларды да ұсынды. «Үкімет деңгейінде ведомствоаралық комиссияны және мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниядар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алулары бойынша барлық сатып алынатын жайғасымдарды толық тексеру мақсатында ҰКП және салалық қауымдастықтар қатысуымен басқару комитетін қалыптастыру қажет (олардың арасынан міндетті сыни импорттың орнын алмастыруды және экономикалық тұрғыдан негізделген импорттың орнын алмастыруды ерекшелеп). Сонымен қатар сатып алулар туралы ҚР ҚМ нормативтік құқықтық актілер қабылдау жолымен, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың импорттың орнын алмастыру бағдарламасына қатысушылардан мерзімінен бұрын тауарларды сатып алуын және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Сатып алулар қағидаларына өзгертулер енгізуді қамтамасыз ету керек және т.б.», - деді Абылай Мырзахметов.

Оның сөзінше, аталмыш іс-шараларды жүзеге асыру үшін ҰКП-ға ОТӨ (отандық тауар өндірушілер, ҰКП-ға барлық электронды тауар алаңдары (ЭКО, Самұрық-Қазына, жер қойнауын пайдаланушылар) мониторингін жүргізу функциясын беру) Бірыңғай тізілімін қалыптастыру жөніндегі функцияларды бекітіп беру қажет.

«ЕАЭО және ДСҰ аясында мынадай шаралар ұсынылады: Қазақстандағы барлық өндірістердің бірыңғай базасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін Индустриялық сертификат институтын енгізу, мемлекеттік сатып алуларға және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алуларына қатысу үшін алдын ала бағалау іріктеуін жүзеге асырған жағдайда адал ниетті отандық тауар өндірушілер (ОТӨ) Бірыңғай Тізілімін жасақтау, сонымен қатар ЕАЭО және ДСҰ аясында атаулы, экспорттық және импорттың орнын алмастырушы субсидияларды «өңін ауыстыру» мақсатында өнеркәсіптік субсидиялар беру Қағидаларын дайындау қажет», - деп атады «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер