astana-view

Машина жасауды дамытуды кәсіпқойларға тапсыру қажет

2015 жылғы 10 Желтоқсан
10453 просмотров

Даму институттарының директорлар кеңестері жартылай бизнес-қоғамдастық өкілдерінен тұруы керек, деп санайды кәсіпкерлер

«Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС директорының орынбасары Серік Мәселов «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысында Қазақстанда саланы дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.  

«ҮИИДМБ аясында экономиканың түрлі салаларында көптеген жобалар жүзеге асырылды, көптеген құрылыс материалдары өндірісі игерілді, ауылшаруашылық, оның өнімдерін қайта өңдеу саласында жетістіктер баршылық, автомобильдер, локомотивтер мен көптеген басқаларын жинау өндірістері ұйымдастырылды. Ендігі жерде ескіретін жабдықты өндіру жағынан осы жобалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, осы кәсіпорындардағы оқшаулау дәрежесін көтеру міндеті алдымызда тұр. Әрі бұл міндетті машина жасау саласы шешуге тиіс.  Машина жасау – өнеркәсіптегі басты сала. Машина жасаудың дамуы көбіне жалпы қандай да бір елдегі даму деңгейін анықтайды», - деп атады ол.          

Кәсіпкер ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтің Қазақстандағы машина жасаудың қиын жағдайда күн кешіп жатқаны жайлы сөздерін де еске түсірді. «Еліміз үшін қозғалтқыштар өндірмейміз, электрлі моторлар өндірмейміз, аккумуляторлар мен ірі құрастырудан басқа, шын мәнісінде, ештеңе де жоқ. Кадрлар түйткілі, базалық өндіріс әлсіз: құйма, соғу, ұстаханалар… Осының бәрін машина жасаудың жалпы көлеміне жатқызамыз, дегенмен іс жүзінде барлық құрамдастар дерлік - импорт, ондағы қосылған құн ең төмен дәрежеде. Түйткіл осында», - деп мәлімдеген еді Ұлттық палата басшысы былтырғы жылы.

Серік Мәселов отандық машина жасау неліктен осындай ауыр жағдайда деген сауал тастады. «Жақсы-жақсы бағдарламалар жазылған сияқты, бизнесті қолдайтын сәйкес мемлекеттік құралдар баршылық. Өңірлерде даму институттары жұмыс жасайды. Оларға қаржы ресурстары бөлінген. Алайда машина жасау зауыттарын технологиялық модернизациялау тұрғысынан олардың жұмысының тиімділігін, технология трансфертін байқап отырған жоқпыз. Еститініміз құқық қорғау органдары мен бизнес-қоғамдастық тарапынан болатын жазғырулар ғана. Бұған компанияның қаржыландыруға арналған жобаларды қарастырып, іріктейтін қызметкерлері, аталмыш компаниялардағы сыбайлас жемқорлық, жобалар бойынша шешім қабылдау сатысында білікті сараптамалық талдаудың жоқтығы себер болып табылады», - деп жағдайды тарқатты кәсіпкер.

Ол соңғы жылдары Қазақстанда бірде-бір машина жасау кәсіпорнының салынбағанын, салмақты қайта құру жағдайларының бірлі-жарым ғана кездесетінін баса көрсетті. «Осының бәрі – даму институттарында құзырлы, сауатты, машина жасау спецификасын түсінетін мамандар болмауының нәтижесі. Бұл көптеген машина жасау кәсіпорындары үшін мемлекеттік қолдау құралдарының қолжетімсіздігіне алып келеді. Осыған байланысты ҰКП қамқорлығымен даму институттарындағы Директорлар кеңестерінің құрамына отандық бизнес-қоғамдастықтың сәйкес салалардағы өкілдері кіруі қажет және олардың саны кеңес мүшелері санынан кем дегенде 50% құрауы қажет деп санаймыз. Сонымен қатар даму институттары кадрларын техникалық бейін мамандарымен жасақтау қажет», - деп мәлімдеді бизнесмен.

«Мамандарымыз бен инженерлеріміз көптеген дамыған елдердегі мамандардан кем түспейді. Әзірше аға буын тәлімгерлері барда машина жасау технологияларындағы жаңа жетістіктерді қолдануды ескере отырып, оларды тәрбиелей аламыз. Бизнес-қоғамдастықтардың даму институттарындағы директорлар кеңестеріне қатысуы әсерін беріп, жағдайды жақсы жаққа өзгертеді. Бәріміз бірге еліміздің болашағын қалыптастыратын машина жасау саласын көтере аламыз. Онда жоғары қосылған құн ала отырып, алға жылжуға көмектесетін тетіктерді жасақтауға болады. Президент те дәл осындай міндеттерді алға қойып отыр. Өзіміз де алдымызға осындай міндет қоюға тиіспіз», - деп қорытты Серік Мәселов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер