astana-view

Қостанайлық компанияларға арналған жаңа нарықтар

2015 жылғы 10 Желтоқсан
- Қостанай облысы
10878 просмотров

Қостанайлық кәсіпорындар өткізу нарықтарын кеңейтіп, өнім экспортын ұлғайта алады

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының мәлімдеуінше, қазірде Ресей, Қырғызстан, Қытай және басқа да бірқатар көршілес елдер тарапынан «Kaznex invest» АҚ арқылы жергілікті жерде өндірілетін тамақ өнімдеріне үлкен сұраныс жасалуда.

Атап айтқанда, Мәскеу қаласының кәсіпорындары отандық құс етін, жартылай фабрикаттар, қосалқы өнімдер, сиыр етін, жылқы етін, қой етін, ұлттық деликатестер мен дәстүрлі қышқыл сүт өнімдерін, сонымен қатар ірімшіктер, көкөністер мен жемістер сатып алуға мүдделі.

Сонымен қатар, Севастополь қаласы Сауда-өнеркәсіп палатасының мүшесі болып табылатын «Южная продовольственная компания» ЖШҚ өңірге қазақстандық күнбағыс майын, көкөніс балық және ет консервілерін, жарма, мюсли және қауыз жеткізу мүмкіндігін қарауда.

«Осыған орай кәсіпкерлерге қысқа уақыт ішінде жоғарыда аталған өнімнің еркін көлемі жайлы ақпарат беруді ұсынамыз. Палата жергілікті өндірушілерде тауар өндіруде туындауы мүмкін түйткілдерді ескере отырып, бұл мүмкіндікті жаңа нарықтарға шығу үшін әрі экспортты кеңейту үшін қолдануды ұсынады. Әлеуетті шетелдік импортшылар туралы, сондай-ақ оларға қажет өнімдер жайлы бар ақпарат бізде бар», - деп мәлімдеді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы бөлімінің бастығы Роберт Юсупов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер