astana-view

Заңды бизнес

2015 жылғы 10 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
13080 просмотров

Прокуратурамен бірлескен алаңда бизнестің толғақты мәселелері прокуратурамен бірге шешіледі

Жаңа жылдың бірінші қаңтарынан бастап кәсіпкерлік саласын тексеруге жарияланған бейресми мораторийлер де әрекетін тоқтатады. Қазірде келесі жылдан бастап әрекет ете бастайтын тексеру парақтары мен тәуекелдерді басқару жүйесі бекітіліп жатыр. Осыған байланысты ШҚО Прокуратурасы мен өңірдегі Кәсіпкерлер палатасы бизнес пен бақылау-қадағалау органдары өкілдерінің кездесуін өткізіп, осылайша сұхбат алаңына айналды.

"Бизнесмендерден көптеген сауалдар мен ұсыныстар келіп жатады. Әрбір кәсіпкердің өзін не үшін тексеріп жатқанын білгені маңызды. Ол үшін мемлекекеттік органдармен бірге ресімделіп жатқан тексеру парақтарының дұрыстығын пысықтаудамыз", - дейді ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

Оның айтуынша, былтырғы жылы тексеру парақтары ірі өнеркәсіптік кәсіпорын үшін де, шағын бизнес үшін де бірдей болған.

Ол сонымен қатар облыс прокуратурасымен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстың дәстүрлі әрі тұрақты болуымен қатар, өте тиімді екенін айтып өтті. Прокуратурамен бірлескен алаңда бизнестің толғақты, күн сайынғы мәселелері нақты шешіледі.

Мәселен, үстіміздегі жылдың 10 айында облыс бойынша облыс, қалалар мен аудандар жанындағы Кеңестің 118 отырысы өткізіліп, онда бизнес субъектілерінің 272 түйткілді мәселесі қаралды. Қаралғандардың жалпы санынан 60 пайыздан астамы оң шешімін тапты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 еседен аса көп.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының 7 желтоқсанда ШҚО Кәсіпкерлер паатасымен бірге кең көлемді «Заң және кәсіпкер» атты науқан өткізгелі отырғанын атап өту керек.

«Аталмыш акция бизнес субъектілерінің жергілікті атқару, құқық қорғау, бақылау-қадағалау органдары, даму институттары және табиғи монополия субъектілерімен кездесу форматында өтіп, онда кәсіпкерлер құқығының қорғалу мәселелері қаралады», - деп атады ШҚО прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Рустам Шідердинов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер