astana-view

«Атамекен» отандық үздік тауар өндірушілерді марапаттады

2015 жылғы 11 Желтоқсан
13808 просмотров

Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығының, республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтуде

Алдымен «Атамекен» ҰКП арнайы «Іскер» сыйлығының лауреаттары марапатталды. Ұлттық палатаның Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорындарға мүсіншелер табыстады: «ASTANA Ютария ltd» Өндірістік Инновациялық компаниясы» ЖШС (Астана қаласы), «РауанНалко» ЖШС (Атырау облысы), «Жанарыс» ЖШС (Маңғыстау облысы), ЖК «Стрелец А.В.» (Солтүстік Қазақстан облысы); қызмет көрсететін үздік кәсіпорын: «МЕДИКЕР» ЖШС (Астана қаласы); сонымен қатар халыққа арналған үздік тауарларды шығаратын кәсіпорындар: ЖК Түнғатарова А.К. ( «Ләззат» ательесі, Шығыс Қазақстан облысы), «Свет» ҰӨК ЖШС (Павлодар облысы), ЖК «Құдайбергенов» (Оңтүстік Қазақстан облысы) және үздік азық-түлік тауарлары: «Мадлен-KZ» ЖШС (ОҚО), «Ақбарс НК» ЖШС (Қостанай облысы).

Осыдан кейін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының лауреаттары министрлер мен депутаттар қолынан мүсіншелер алды. Сонымен, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында «Бемер Арматура» ЖШС (Қарағанды облысы), «Стекло-Сервис» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы) және «Бриссоль» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы) аталса; «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында - «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС (Алматы қаласы), Та-Мак ЖШС (Жамбыл облысы) және ЖК «Қазбергенов» (Қызылорда облысы), «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында «Рыбпром» ЖШС (Алматы облысы), «Аян-Озат» ЖШС және «Айс-плюс» ЖШС.

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» санатында «Алтын сапа» лауреаты болып «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» (Солтүстік Қазақстан облысы), «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы) және Қазақстандық құбыр өткізгіш арматура зауыты (Алматы қаласы) атанды; «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» санатында - «Байсерке Агро» ЖШС (Алматы облысы),  «Агропродукт ЛТД» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы) және «Алтын Орда» Авторлық дизайн үйі» компаниясы» ЖШС (Астана қаласы); «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» санатында - «BI Holding» ЖШС (Астана қаласы), «Исткомтранс» ЖШС (Алматы қаласы) және «Ынта» БФ» ЖШС (Маңғыстау облысы).

Сонымен қатар «Парыз-2015» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау жеңімпаздары марапатталды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алғаш рет «Алтын сапа» байқауын ұйымдастырушы болып отыр. Биылғы жылы сыйлыққа 10 жыл толып отыр. Мерейтойлық жылда Ұлттық палата «Халыққа арналған тауарлардағы сапа көшбасшысы», «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» жаңа қосымша атақ номинацияларын тағайындады. Оларды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыстайды.

Байқау мақсаты үздік отандық тауар өндірушілерді тауарлар мен қызметтер сапасы саласындағы айтарлықтай нәтижелерге жеткені, сонымен қатар ұйымның халықаралық сапа стандарттарын енгізгені үшін қолдау мен ынталандыруда жатқанын атап өту керек.

Сыйлықты алуға ҚР аумағында, мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдардан басқа, тауарлар шығарумен, қызметтер көрсетумен айналысатын (қару-жарақ және әскери техника өндірісін қоспағанда) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үміткер бола алады.

Байқауға қатысушылар саны жыл өткен сайын өсіп келеді. 2006 жылы «Алтын сапа» сыйлығы байқауына қатысушы саны 52 болса, 2015 жылы 153 кәсіпорын болып отыр.

Биыл тапсырылған 153 өтінім ішінен негізгі бөлікті шағын кәсіпкерлік субъектілері құрайды - 69 кәсіпорын. Сонымен қатар 44 орта және 40 ірі кәсіпорын қатысады.

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша 63 өтінім тапсырылса, «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын» - 52 өтінім, «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» - 38 өтінім.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер