astana-view

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасында ШОБ дамыту мәселелері талқыланды

2014 жылғы 04 Наурыз
9015 просмотров

Бүгін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов және облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен кездесу өтті. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап өткендей,  кездесудің негізгі мақсаты - Қазақстанда бизнесті дамытуға кедергі болып отырған кедергілерді жоюға бағытталған, кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы ҚР Президентінің Жарлығын түсіндіру болып табылады.  

«Кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлық бизнеске қолдау көрсету бағытындағы шынайы қадам. Әкімшілік кедергілерді азайту, жоспарлы тексерулерді қысқарту, бизнес-омбудсмендері институтын енгізу - шағын және орта бизнестің дамуына қажетті тұрақты экономика негіздерін қалыптастыруға ынталандыратын болады», - деді Абылай Мырзахметов. 

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың өткен жылғы негізгі жетістіктеріне тоқала өтті. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсіптерінің көлемі 19 %-ға, инвестиция көлемі - 40 %-ға өскен, ал облыстың 2014 жылға арналған бюджеті 167 млрд теңге көлемінде бекітілген. Даму бюджеті 51 млрд теңгеге өскен (өткен жылы 31 млрд), сондай-ақ бюджетті нақтылау кезінде оның көлемі еселенуі мүмкін.

«Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес субъектілерінің санын арттырып, ұрпақтан-ұрпаққа мұраға берілетін кішігірім өндірістерді, яғни отбасылық бизнесті дамытуды тапсырды. Алайда бізде кәсіпкерліктің  дамуы енді қарқын алуда, бұл ретте жергілікті кәсіпкерлерге жағдай жасай отырып жоғарыдан төменге қарай бағытталған экономикалық реформаларды жүргізуіміз керек», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев. 

Облыста ШОБ үлесі ІЖӨ небары 8,5 % құрайды, сондықтан осы көрсеткіштерді арттыру бағытында жұмыс жасау қажет. Ол үшін барлық мүмкіндіктер де баршылық: «Бизнестің жол картасы -2020» аясында Қызылорда облысында өткен жылы микронесиелеуге 3 млрд теңге, осы жылы 4 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар өңірде «Ақ ниет» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге асырылуда, кепілдік қаржыландыру енгізілуде. Өңір басшысы бизнесмендерді ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ортақ мүддеге бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер