astana-view

Экспресс-дүкен және бекет

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
9473 просмотров

Қазақстанда алғаш рет жанармай құю бекеті мен «Burger King» әлемдік брендіне ие компанияның сауда нүктесін біріктіретін кешен ашылды

Ақтөбеде жаңа жанармай құю кешені таныстырылды. Жаңа нысан ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

«Нысандар әлемдік стандарттар бойынша салынды. Инвесторлар шамамен 1 миллиард 200 миллион теңге салып, 50 жаңа жұмыс орны құрылды. Өңірде бизнес дамып келеді, кәсіпкерлік үшін бар жағдай жасалуда. Осылайша, жергілікті атқарушы билік ел Президентінің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмасын орындап жатыр», - деп атады өңір басшысы.

«Compass» ЖҚБ желісінің өкілі Анвар Кильдияровтың айтуынша, бұл елдегі ыңғайлы «Экспресс-дүкен» немесе «Үйдің жанындағы дүкен» форматын ұсынатын жалғыз бекет.

«QSR» ЖШС өңірлік директоры Илья Шумский мұнда машинадан шықпай, автотарату терезесі арқылы тапсырыс жасауға болатыны жайлы ақпарат берді. Мүгедек азаматтарға барлық жағдай жасалған.

«Мұнда халықаралық бағдарлама бойынша аттестаттаудан өткен 30 жас супервайзер мен директорлар орынбасарлары жұмыс жасайды. Бағасы халықтың түрлі топтарына қолжетімді, толық түскі ас құны 1 500-2 000 теңге шамасында болып келеді. Келесі жылы аз дегенде тағы бір осындай мейрамхана ашуды жоспарлап жүрміз», - деп түсіндірді Илья Шумский.

Жанармай құю бекетінде жыл соңына дейін науқан ұйымдастырылып жатыр. Шағын маркеттен 3 000 теңгеге сауда жасасаңыз, АИ-92 және АИ-95 таңбалы 20 литр бензинді ескі бағамен, яғни 108 және 120 теңгеге сатып алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер