astana-view

Армандар орындалғанда

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12650 просмотров

КҚО қызметкерлерінің консультациялары мен қолдауы бизнес ашуға көмектесті

Айсұлу Есманованың арманы – аудан орталығынан ұлттық киім мен бұйымдар бөлімін ашуды жүзеге асыруына жүрек қалауы ғана қажет болды десек, артық болмас.

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Еңбек ауылынан шыққан шебер Айсұлу Есманова қазақ ұлттық киімі мен қазақтың ұлттық тұрмыс бұйымдарын тігумен көптен бері айналысып жүр. Тұрақты тапсырыстардың пайда болуына байланысты Айсұлу Қазкеновна жеке ателье ашуға бел буады. Алайда бастапқы капиталы болмағандықтан, СҚО Кәсіпкерлер палатасының филиалына мүгедек кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары бойынша консультация сұрап жүгінеді.

Өңірлік палата жергілікті филиалының Кәсіпкерлікті қолдау орталығы консультанттары оған «Гранттық қаржыландыру», «Даму-көмек» және «Жұлдыздарға қара» сияқты жобаларға қатысу шарттарын түсіндірді. Айсұлу Есманова бірден үш бағдарламада бағын сынап көруге шешті. Бірақ алдымен «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсу» жобалары бойынша оқыту курстарынан өтіп алды. КҚО консультанттары ісін бастаушы бизнес-вуменге қажет құжаттар жинауға көмектесті.

Өкінішке орай, Айсұлу Қазкенова «Гранттық қаржыландыру» жобасы бойынша мақұлдау ала алмады. Алайда «Даму-көмек» бағдарламасының аясында шағын тігін өндірісіне қажет мата сатып алуға демеушілік көмек алды. Ісін бастаушы бизнес-вуменге бұл көмекті ЖК «Түйгімбаева Н.Ж.» компаниясы көрсетіп, тігін ісін дамытуға мата мен фурнитура сатып берді. «Жұлдыздарға қара» байқауына қатысқаны да Айсұлу Есанова үшін ойдағыдай өтіп, 300 мың теңге грант иегері атанды. Бұл қаражатқа тігін машинасын сатып алды.

Алайда бизнес-вумен осы жерде тоқтап қалуды ойламайды. Ол қызмет түрін, көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту бойынша нақты мақсат қойып, аудан орталығы Явленкадан сауда нүктесін ашуды ниет етті. Аталмыш мақсатты жүзеге асыруда СҚО Кәсіпкерлер палатасының филиалы ісін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкер арасындағы жалғастырушы тізбек ролін алып, «Азия» дүкенінде жалдау ақысынсыз сатуға орын ұйымдастырды. Бұл мәселеде бизнестің жаңа саласындағы ісін бастаушы кәсіпкерлерді үнемі қолдап жүретін ЖК «Ерғалиева Г.Б.» компаниясы көмекке келді.

Бір айта кететіні, Айсұлу Есманова аудан орталығында ұлттық киімдер мен бұйымдар, сондай-ақ жаңа жылдық костюмдер бөлімін алғаш ашушы.

«КҚО және Кәсіпкерлер палатасы филиалы консультанттарына көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін шын жүректен алғыс айтамын. Олардың арқасында өз бетінше үйренген адамнан шебер деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік пайда болды», - деп атады Айсұлу Қазкеновна.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер