astana-view

Нені инвестициялайтынымыз емес, оның қалай жүргізілетіні маңызды

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Алматы қаласы
8813 просмотров

Биылғы жылдың 10 айында Алматы қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 409 млрд теңгені құрады

Almaty Invest-2015 ІІІ Инвестициялық форумында осы және басқа да сандар жария болды. Форум жұмысына қалалық Кәсіпкерлер палатасының басшылары да қатысты.  

Қазақстан, жақын және алыс шетел делегаттары елдегі инвестициялық климат пен экономикалық ахуалды жақсарту, сонымен қатар форум аясында іскерлік климатты жақсартудың ықтимал тәсілдерін талқылауға жиналды. Қонақтар арасында – халықаралық қаржы институттары мен ұйымдары сарапшылары, республикадағы ірі бизнес өкілдері, орталық және жергілікті атқару органдары қызметкерлері. «Алматы Инвест» үшінші жыл қатарынан қаладағы ірі бизнес-оқиға ретінде өткізіліп отыр.

Форум жұмысын ашқан Бауыржан Байбек қазіргі уақытта инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің құрылып жатқанын хабарлады. «Аталмыш кеңесті ұйымдастыруда, оның жұмысының күн тәртібін жасақтауда кеңес беріп отыруларыңызды сұраймын. Бұл біз үшін көп көмегін тигізер еді», - деді Алматы әкімі. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 10 айында қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 409 млрд теңгені құраған, бұл былтырғы жыл деңгейінен 1,5 есе дерлік жоғары. Бауыржан Байбек өз сөзінде атап өткендей, «Алматыны дамыту бағдарламасы-2020» басымдылықтарының бірі жағымды инвестициялық климатты қамтамасыз ету болатын. Инвестициялар тарту жөніндегі қадам-қадамдық жоспар және шағын және орта бизнес секторын дамыту жөніндегі кешенді шаралар дайындалып, жүзеге асырылып та жатыр. Оның үстіне мемлекеттік органдар басшыларынан тұратын инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылмақшы. Инвестициялық форум жұмысында әкімдіктің Алматы өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге әкімшілік кедергілерді төмендету және мемлекеттік қызмет сапасын көтеру мәселелеріндегі белсенді жұмысты ойдағыдай жалғастырып жатқанына ерекше назар аударылды.

Еліміз, сөзсіз, жаңа инвестицияларға мүдделі. Алайда, қала басшысының айтуынша, әрекет етіп жүрген инвесторларға ерекше назар аударылмақшы. Кезінде Қазақстанда бизнесті тиімді жүргізу мүмкін болуы үшін, шетелдік инвесторлардың жабдықтарды импорттау кезінде кеден баждарынан босатылғанын, салықтардың жекелеген түрлері бойынша жеңілдіктер берілгенін, виза беру  мерзімдері қысқартылғанын, сонымен қатар Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары ашылғанын еске саламыз. Соңғылардың тиімділігін респонденттер әзірше төмен бағалауда: әрбір үшінші тұлға ИҚО-ға «ортадан төмен» деген баға беріп отыр. Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтың сөзінше, ведомство барлық ұсыныстарды ескеріп, кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде түзетпекші. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер