astana-view

Теңгені бетке ұстайық

2015 жылғы 15 Желтоқсан
8118 просмотров

«Атамекен» ҰКП көбіне ұлттық валюта көмегімен әрекет жасауды ұсынады

Кәсіпкерлер теңгенің құлдырауы жалғасып, валюта нарығында дауыл тұрған жағдайда қалай күн кешуде?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің өтінішімен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов жағдайға түсінік берді. Ол «ағымдағы экономикалық ахуалдың жайсыздығымен ерекшеленіп отырғанын», әрі «бүгінде жеке инвестициялық бағдарламаны және ұзақ мерзімдік салымдарды есептеу айтарлықтай күрделі екенін» атады. «Алайда, қытай тілінде «дағдарыс» екі иероглифтен құралып, біздің тілге аударғанда – «ұлы қатер» және «ұлы мүмкіндік» деген тіркестерді білдіреді екен. Көптеген кәсіпкерлердің тәуекелдерін хеджерлейтіні, көпшілігінің аталмыш процеске сай қимыл жасайтыны түсінікті», - деді Рустам Жүрсінов.  

Бұл жағдайда «кәсіпкерлердің жекелеген топтарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, барынша жан-жақты жәрдем көрсетуге тырысамыз» деп жалғады сөзін ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.  

«Жалпы, бұл туралы Мемлекет басшысы да айтып кеткен, есептеулерімізде, ең бастысы, менталитет тұрғысында доллармен есеп айырысудан алшақтап, ұлттық валютамызға көшетін кез келгенін айтқым келеді», - дейді Рустам Жүрсінов. Ол сонымен қатар «аталмыш мәселенің өтке сезімтал әрі аса нәзік» екенін баса көрсетті. Дегенмен ұлттық валютаны таңдау жақын келешек үлесінде, әзірше кәсіпкерлер үшін жалғыз мүмкіндік тәуекелдері мен шығындарын барынша азайту ғана сияқты.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер