astana-view

Жер мәселелері тең дәрежеде шешілсін

2015 жылғы 15 Желтоқсан
- Қостанай облысы
11980 просмотров

Кәсіпкерлер қалалық әкімдік жанындағы жер комиссиясына бизнес өкілдерінің 50% кіргізілуін алға тартуда

Мұндай шара жаңа жобаларға телімдер бөлу туралы шешім қабылдаған кезде тепе-теңдік орнатуға мүмкіндік береді.

Ұсыныс Іскер әйелдер кеңесінің отырысы барысында айтылды. Бизнесвумен Татьяна Лазарук айтуынша, аталмыш ұсынысты ортаға салуға шенеуніктер тарапынан түсіністіктің жоқтығы сеп болған.

«Кейде шенеуніктер жағдайға түсінбеушілік танытқанда көңілім қалады. Заманауи дүкендер, жаңа павильондар ашып, салық төлеу мүмкіндігі туып тұрғанда, түрлі сылтаулармен өтінішіміз қабылданбай жатады. Мейрамхана ашу мәселе туғызбаса да, дүкен ашу – үлкен түйткіл. Яғни, шын мәнісінде, кәсіпкердің тағдырын жер комиссиясы шешеді. Ұлттық палатаға жүгінеміз де, олар жәрдем көрсетеді. Шешім алқалы түрде, тепе-тең қабылдануы үшін, басынан бастап аталмыш кәсіпкерлерге бизнес өкілдерін қоса салуға болмай ма?», - деп мәлімдеді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Татьяна Лазарук.

Кәсіпкер облыстық Палата сарапшыларының жер телімін сауда павильоны ретінде пайдалануға жалдау мерзімін ұзартуда жер астында инженерлік коммуникациялар өтіп жатқандығынан туындаған түйткілді шешуге көмектескенін айтып, мысалға келтірді. Сотта ғана қолданыстағы су құбырының кезінде басқа жерден салынғанын дәлелдеуге қол жеткізілді.

«Отырысты төрт рет өткізіп, адамдарды – заңгерлерімізді, Палата заңгерлерін, коммуналдық қызметті төрт рет жұмыстан қалдырдық. Айтудың өзі ұят болып көрінетін түйткілге осынша уақыт пен күш жұмсалды. Егер жер телімін бөлу жөнінде шешім қабылдауға бизнес о бастан қатысқанда, мұндай түйткіл туындамас еді», - деп баса көрсетті бизнесвумен.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары атап өткендей, бүгінде қала әкімдігі жанындағы жер комиссиялары құрамына бизнес өкілдерінен тоғыздың орнына үш адам ғана кіреді. Палата өкілдері барлығы 33 консультациялық-кеңесу органы (ККО) құрамына кіргізілген. Бұл Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі және басқалары. Бұрын мұнда бизнес үшін маңызға ие барлық ККО-ға 50% қатысуды қамтамасыз ету туралы бірнеше мәрте мәлімделген болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер