astana-view

Ерлан Стамбеков Алматы Палатасының Өңірлік кеңесіне басшы боп тағайындалды

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Алматы қаласы
13128 просмотров

Оның кандидатурасына Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі мүшелерінің басым көпшілігі дауыс берді

49 жастағы алматылық Ерлан Стамбеков – Алматы сәулет-құрылыс институтының түлегі. Мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда қызмет еткен. Алматы Кәсіпкерлер палатасы құрылғанда басы-қасында жүріп, 2013-2014 жылдары директор лауазымында жұмыс жасаған. Қазір “Alacard Petroltech” ЖШС президенті болып табылады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы лауазымында бірнеше жыл бойы қызмет еткен Иван Кравченко өз қалауымен өкілеттігінен бас тартты.

«Атамекен» ҚР ҰКП және залда отырғандар атынан Иван Михайловичке Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі төрағасы лауазымында қызметін белсенді атқарғаны үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер, - деп атады Төлеміс Шотанов. – Жоғары кәсіпқойлығы, көшбасшылық сапалары мен Кеңес жұмысын ұйымдастырудағы тиімділік арқасында Палата экономикалық үлесі өңір үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін де маңызды ірі мегаполис – Алматының бизнес-қоғамдастығы алдында лайықты беделге ие болды. Қызметіңізді жоғары бағалаймыз және оның жемісті бола беретініне сенімдіміз».

Иван Кравченко «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І дәрежелі «Іске адалдығы үшін» медалімен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер