astana-view

Жануарларға арналған азық

2015 жылғы 21 Желтоқсан
- Жетісу облысы
13251 просмотров

Кәсіпкер жануарларға арналған азық шығаратын жаңа өндірісті іске қосты

Ісін бастаушы кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен мал шаруашылығына арналған түйіршіктелген азық шығаруды жөнге салды. Өндіріс әзірше бастапқы режимде жұмыс жасауда, алайда таяу арада күніне 10 мың тонна экструдирленген құрама жем өндіре отырып, толық қуатына шығуды жоспарлап отыр. 

Ресейде өндірілген арнайы экстратор санаулы секунд ішінде 160 градус температурада зор қысыммен астық тұқымдастар мен сабанды өңдейді. Осылайша азықтағы зиянды ағзалар құртылғанмен, дәрумендер мен азықтық құндылығы сақталып қалатын болады. Бір сағат ішінде білдек жарты тонна құрғақ азық алуға мүмкіндік береді. 

Жануарлар үшін жүгері таяқшаларын шығару идеясын Андрей Пак аяқ астынан ойластырған еді. Ауыл шаруашылық азығына ден қоя отырып, бірегей идеясына қолдау сұрап облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқу оқып, Палата жәрдемімен ісін бастаушы кәсіпкер бизнес-жоспар жасайды. Аталмыш жоба «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында бір жарым миллион теңге грант ұтып алды.   

«Осы гранттың арқасында қажет жабдықтарды сатып алып, экструдирленген азық өндіруді бастай алдық. Бұл азық – жем өндірудегі жаңа қадам. Жемдеу кезінде азық тұтыну іс жүзінде екі есе дерлік төмендейді. Себебі жануардың азықты қорытуға кеткен қуаты жұмсалмайды да, сіңірілу 90 пайызға жуық шаманы құрайды.

Жануар жылдам дамып, сауым аз дегенде 15 пайызға ұлғаяды. Эксперименталдық топта тәжірие жүргізгенбіз.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасына жыл басынан бері өңірдің 15 мыңнан астам тұрғыны жүгінді. Олар да Андрей Пак сияқты жеке іс ашқылары келеді. Барлығы түрлі қолдауларға ие болды. Палата мамандарының ерекше көрсеткеніндей, дағдарысқа қарамастан, кәсіпкерлік бастамалар азаяр емес.

«Аталмыш өндіріс ісін бастаушы кәсіпкер мен ӨКП әрекеттестігіне табысты мысал болып табылады. Кез-келген көмек маңызды. Бүгінгі күні әрбір ауданда кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылған. 10 ай ішінде 15 мыңнан адам астам консультация сұрап келді. Оның 200-ден астамы біз берген консультациялардың арқасында қаржыландыруға ие болды. 165-ке жуық  бизнес-жоспар жазылды, ісін бастаушы бизнесмендер оларды іске асыруды қалап отыр», - дейді жобаларды сүйемелдеу жөніндегі бөлім сарапшысы Дана Жамболатова.

Мұнда үш адам жұмыс жасайды. Күніне 10 тоннаға дейін мөлшердегі ауыл шаруашылық дақылы қайта өңделеді. «Қазір өндірісте жүгері, соя, сабаннан жасалған түйіршіктелген азық пен құрама жем шығарылады. Жақында кәсіпорын толығымен автоматтандырылады», - дейді кәсіпкер. Келесі жылы ол түйіршіктелген жоңышқа өндірісін жөнге салуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер