astana-view

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Өңірлік даму министрлігіне индустриаландыру жоспарларына сәйкес БЖК-2020 жандандыруды тапсырды

2014 жылғы 05 Наурыз
3449 просмотров

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізіп, онда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралды.

ҚР өңірлік даму министрі Б.Жәмішев есептік баяндама жасады.

ӨДМ басшысы келтірген мәліметке қарағанда «2010 жылдан 2013 жылға дейін Бизнестің жол картасын орындауға республикалық бюджеттен 132,1 млрд. теңге бөлінсе, оның 53,3 млрд. теңгесі 2013 жылға қарастырылған».

«Бүгінгі күнге бағдарлама шеңберінде 77 763 кәсіпкер қолдаудың барлық түрлерімен қамтылған. Нәтижесінде 229 мыңнан астам жұмыс орыны құрылып, қолдауға ие болды. Қазір экономикадағы әрбір бесінші жаңа жұмыс орны бағдарлама шеңберінде құрылды», - деп атап өтті Б.Жәмішев.

Министр Бизнестің жол картасының кәсіпкерлікті қолдаудың ең сұранысқа ие бағдарламасына айналғанын атап көрсетті.

«Бағдарлама барысында кәсіпкерлер субсидиялау және ЕДБ несиелері бойынша кепілдендіру түрінде, жаңа бизнес идеяларға гранттар алу, инфрақұрылымдар жүргізуге, сондай-ақ шетелдерде оқу мен тәжірибеден өтуге, сервистік қолдау мен мамандандырылған консалтинг бойынша қолдаудың ауқымды құралдарын алу мүмкіндігіне ие болады», - деді Б.Жәмішев.

Бұдан басқа, министр бағдарламаның осы жылғы орындалысы бойынша жоспарлары туралы хабарлады.

Өңірлік даму министрлігі күшін Бизнестің жол картасын қолдау құралдары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруға шоғырландырады, сондай-ақ барлық аудан орталықтары мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ашу жоспарлануда. Мұнымен қатар, «Даму» қорымен бірге АӨК-ті индустриалдық аймақтар және бизнес-инкубаторлар құру мен дамыту бойынша операторлар ретінде тарту ойластырылуда.

Отырыста сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері, «Даму» қоры басқарма төрайымы Л.Ибрагимова, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Г.Құрбанбаева сөйледі.

Талқылауды түйіндей келе, Премьер-Министр бағдарламаның орындалысы жаман еместігін, және жұмыстың дұрыс бағытта өрбіп жатқанын атап көрсетті. Сонымен бірге, С.Ахметов Өңірлік даму министрлігіне Бағдарламаны орындау сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының барлық әлеуетін пайдалану қажет. Бұл бағдарлама 100 пайыз игерілуі тиіс», - деп атап өтті Премьер-Министр.

Мұнымен қатар, Үкімет басшысы ӨДМ-ге ҮИИД МБ екінші бесжылдығын қалыптастыруды есепке алып, бағдарламаны одан әрі актуалдандыру бойынша ұсыныс дайындауға нұсқау берді.

Премьер-Министр сондай-ақ өкілетті органдарға бірқатар басқа тапсырмалар беріп, оны орындаудың мерзімін белгіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер