astana-view

Ақтөбелік бизнеске жер телімі қажет

2015 жылғы 22 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
8151 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес-қоғамдастық алдында 2015 жылғы қызметінің қорытындысы жайлы есеп берді

Есептік жиналыс жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері, сонымен қатар кәсіпкерлер, жергілікті атқару органдары, даму институттары өкілдері және екінші деңгейдегі банктер филиалдарының басшылары қатысты.

Палата директоры Нұрлыбек Мұқанов 2015 жыл басынан бергі ӨКП қызметі жайлы, кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою, облыстағы кәсіпкерлікті дамыту жөнінде қолданылған шаралар жайлы егжей-тегжейлі есеп берді.

Нұрлыбек Мұқановтың айтуынша, бірнеше аудандық филиалдарда есептік кездесулер өткізіліп, оған жеті жүзден астам бизнес субъектісі қатысты. Есептік кездесулер кезінде кәсіпкерлерден отыздан астам сұрақ түсті. Атап айтқанда, ауылдық бизнес өкілдері екінші деңгейдегі банктердегі кредит алу, БКМ және POS-терминалдар орнату, мемлекеттік сатып алуларға қатысу, ауылшаруашылық дақылдарын субсидиялау, өнім өткізу мәселелерін сұрастырды. Бизнесмендер ірі қараны етке тапсырумен байланысты қиындықтар, сервистік қолдау көрсету,  ШОБ-ты қолдау бағдарламаларына қатысу шарттары, ауылдық жердегі кепілдемелік мүліктің өтімділігі және басқалары жайлы сөз етті.

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау желісі бойынша зор көлемдегі жұмыстар атқарылған.

2015 жылғы 11 ай ішінде құқық қорғау желісі бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің 218 түйткілді мәселесі қаралып, оның ішінде 124 немесе 57 % оң шешімін тапты. Қалған 94 өтініш бойынша консультациялық сипаттағы түсіндірулер беріліп, қуыным арыздары мен шағым талаптар жазуға құқықтық көмек көрсетілді.

ӨКП жоғарыда аталған өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 73 бизнес субъектісінің мүддесі қорғалды.

Палата өкілдері сотта кәсіпкерлік субъектілерін қорғайды. Олардың қатысуымен 16 сот процесі өткізіліп, 80% кәсіпкерлер пайдасына шешілді.

«Кәсіпкерлер өтініштерін қарау барысында облыстық прокуратура жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі штабтың арқасында 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 1 лауазымды тұлға қатаң сөгіс алып, алтауы сөгістер мен ескертулер алды, 1 қызметкер жұмыстан шығарылды. Бір лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 62 жүгінімнен 33 өтініш бойынша прокурорлық жауап қату актісі енгізілді», - деп атады Нұрлыбек Мұқанов.

ӨКП филиалдары облыс қалалары мен аудандары деңгейінде осыған ұқсас жұмыстарды жүргізіп жатыр. Палата қорғау бойынша ғана емес, мемлекеттік органдардың негізсіз әрекеттері, сонымен қатар кәсіпкерлердің уақыты мен ақшасын артық жұмсауға әкелетін қолданыстағы заңнаманың кемшіліктері салдарынан туындайтын бизнес дамуына кедергі келтіретін жүйелік түйткілдерді жою жұмыстарын да жүргізеді.

Палата жүргізілген кешенді іс-шаралар нәтижесінде кәсіпкерлік қызметті жүргізуге кедергі келтіретін 85 әкімшілік кедергіні, оның ішінде Ақтөбе өңірі бизнесінің 41 жүйелік түйткілін анықтады (25 түйткіл шешімін тапты).

«Бүгінгі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер түйткілінің тізіліміне бизнестің 36 жүйелік түйткілі қосылған. Әкімшілік кедергілердің басым көпшілігі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында анықталды. Бұлар әкімшілік кедергілердің жалпы санынан 33% құрайды. Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу рейтингін жер қатынастары және сәулет, көлік тасымалдары, салық салу, мемлекеттік сатып алулар салалары бастап тұр», - деп жалғады сөзін ӨКП директоры. 

Палата сарапшылары мен аудандық филиалдар директорлары ісін бастаушы және әрекеттегі кәсіпкерлерді нақты әрі практикалық қолдау мақсатында жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

Бүгінгі күні жалпы сомасы 15,2 теңге сомасындағы 497 жоба сүйемелденуде. Аталмыш жобаларда 1,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде 1 млрд теңге тұратын 262 жоба іске асырылып, 504 жұмыс орны құрылды.

Кәсіпкерлерімізді толғандырып жүрген бірқатар жүйелік түйткілдер де баршылық: бизнесті дамытуға жер телімдерінің жетіспеушілігі.

«Қала әкімдігі мұны егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жоқтығымен түсіндіреді. Соңғы екі жылда осы мақсатта бар-жоғы 150 млн теңге бөлінген, бұл болашақ «миллионер» қала үшін жеткіліксіз. Ал өндірістік нысандарға ЕЖЖ жылдар бойы дайындалмаған. Жер кодексінде халықты Интернет немесе өзге де ресурстар көмегімен дайындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жайлы ақпараттандыру көзделгеніне қарамастан, мұндай ақпарат қолжетімсіз болып табылады», - деп баса көрсетті ӨКП басшысы.

Сонымен қатар ШОБ жобалары үшін жеткіліксіз инженерлік желілер жеткізуге қатысты мәселе де маңыздылығын жоймайды. Аталмыш мәселені шешу үшін Нұрлыбек Мұқанов облыс әкімінің 167,4 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлуге жәрдем көрсетуін сұрады, себебі олардың көпшілігі кредит қаражатын қайтару жөнінен қиындық шегіп жүр.

«Екі жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінде Палатаның қажеттілігіне ешкім де күмән келтірмейді. Ең бастысы, ҰКП күллі бизнес-қоғамдастықты шоғырландыра алды және Қазақстан кәсіпкерлігін дамытуға үлесін қосуда. Көбінесе Мемлекет басшысының жеке қолдауының арқасында екені сөзсіз. Өңірлік палатаның тиімді жұмысы – облыс әкімдігі мен Өңірлік палатаның үйлескен жұмысының нәтижесі», - деп қорытты Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Исламбек Сәлжанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер