astana-view

Сапалы жолдар мен заманауи кемпингтер

2015 жылғы 24 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
12188 просмотров

Облыста жол бойындағы сервисті дамыту бағытында жұмыс белсендірілмекші

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ұлттық компания басқарма төрағасы Ермек Қизатов және Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов жол бойы сервисін дамыту бойынша желілік келісімшартқа қол қойды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралінің облыс аумағындағы ұзақтығы 1894 шақырымды құрайды, бұл қашықтықта халықаралық талаптарға сәйкес келмейтін жол бойы сервисінің жүзден аса нысаны бар. Ресейге және Азияға келе жатқан транзиттік көліктен барынша жоғары пайда алуға тиіспіз», - деп атады өңір басшысы кездесу барысында және қаңтар айының соңына дейін күш біріктіре отырып сервистік орталықтарды құруға арналған біршама жағымды орындар белгіленген арнайы карта құруды ұсынды.

Облыс әкімдігінің «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жер телімін беру, инженерлік коммуникациялар тарту, қажет құжаттарды ресімдеу мәселелерінде кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін 100 миллион теңге бөлуге дайын екені белгілі болды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына жол бойы сервисін дамыту жөніндегі жаңа уәкілеттіктер берілгенін хабарлады. Компания жол бойы сервисінің ахуалына талдау жүргізіп, республика бойынша 3028 нысанның көпшілігінің 2015 жылғы шілде айынан бері енгізілген Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтінін және халықаралық транзиттік тасымалдаударды да, ішкі сұранысты да қызметпен толыққанды қамтамасыз ете алмайтын болып шықты.

«Жол тек автокөлікпен жүріп өтуді ғана емес, жүргізушілер мен жолаушылардың демалысын, олардың қауіпсіздігін білдіреді. Бұған сәйкес жабдықталу, сервис, техникалық қызмет көрсету кіреді, осының бәрі жол бойы инфрақұрылымын білдіреді. Біз инвесторлар тартпақшымыз. Жай ғана нысандар салу ғана алда тұрған жоқ, олардың әлемде қабылданған барлық стандарттарға сәйкес келуі қажет. Бұл әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерін жауып, оларға қатысты басқа да әрекеттер қабылдайын деп жатырмыз деген сөз емес.  Керісінше, қолда бар инженерлік коммуникацияларды модернизациялап, тамақтану, сауда, кемпингтер және жанармай құю бекеттерімен толықтыру жоспарланып отыр», - деп бөлісті жоспарларымен Ермек Қизатов.

Жол бойы сервисін дамытуға дайын кәсіпкерлерді тарту жөніндегі жұмысты Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының жүргізгенін атап өту керек. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың айтуынша, бүгінде облыста елуден астам кәсіпкер аталмыш салада жеке іс ашуды қалап отыр. 

Олардың екеуі: жеке кәсіпкер Ләззат Ыдырысова және «BS - Exeed» ЖШС директоры Сазанбай Жұмағазиев кездеуге қатысты.

«Кәсіпкерлерге осындай деңгейде қолдау көрсетіліп жатқаны көңіл қуантады. Мәртүк ауданында Ресеймен шекарада 200 бірлік жүк көлігіне тұрағы бар кемпинг, қырық орындық қонақ үй, ТҚКС, асхана, ЖҚС салмақшымыз. Қызметтер кешенін ұсынатын боламыз. Жоба құны шамамен төрт жүз миллион теңгені құрайды», - деп Сазанбай Жұмағазиев жоспарларымен бөлісті. 

Кездесу соңында жол бойы сервисін дамыту жөніндегі Желілік келісімшартқа қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер