astana-view

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес: байланыс орнатылды

2015 жылғы 24 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
11328 просмотров

Оралда өңірлік кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бизнес-қоғамдастықпен кездесті

Қала мен облыстан келген 200 кәсіпкер, мемлекеттік органдар, банктер, даму институттары өкілдері бірлесе отырып бизнес түйткілдерін талқылау, оларды шешу жолдарын бірге іздеу, одан арғы жұмыс бағыттарын белгілеу үшін бас қосты.

Мұндай форматтағы жұмыс күллі Қазақстан көлемінде алғаш рет өткізіліп отыр. Өңірлік палаталар кәсіпкерлер алдында бір жыл ішінде жүргізілген жұмысы жайлы есеп береді. Ашықтық, есептілік «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі қағидаттарының бірі болып табылады, сондықтан да мұндай кездесулер жыл сайын өткізіліп тұратын болады.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев, кәсіпкерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері сөз сөйледі. Әңгіме іскерлік ауанда, сындарлы түрде өрбіді. Кездесу, қатысушылар атап өткендей, «келіп, әңгімелесіп, тарқау» түрінде болған жоқ. Керісінше, жақсы-жақсы ұсыныстар айтылып, бизнестің түйткілдері ортаға салынды және осы алаңда оларды шешу жолдары табылды. Бизнесмендер алдында прокурор орынбасары, монополияға қарсы комитет өкілдері, әділет өкілдері жауап беріп, дәл сол жерде қандай да бір мәселелер бойынша тапсырмалар берілді. Мемлекеттік органдар да осындай есептік кездесулер өткізіп тұрсын деген ұсыныс айтылды.

Барлық сөз алғандар елімізде бизнесті дамыту үшін көп шаруалар тындырылып жатқанын, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдай жасауға әрі бұзуды анықтау мен жазалау саясатынан бұзуларды ескерту саясатына, адал ниетті кәсіпкерлікті ынталандыруға көшумен мемлекет пен бизнестің серіктестік қарым-қатынасын орнатуға бағытталған заңдар қабылданғанын атады. Рұқсаттар саны айтарлықтай қысқартылып, құжаттардың толық тізбесі белгіленді. Мемлекеттің бизнес орын алған экономика салалрындағы қатысу үлесі қысқартылды.

Дей тұрғанмен, бизнес мемлекеттік органдар тарапынан қызметін заңсыз шектеуді үнемі сезініп тұрады.

Өңірлік палата директоры Кеңес Әбсәтіров есептік сөзінде былай деді: «Бүгінде бизнесті қолдау заңдары мен бағдарламалары теориялық тұрғыдан жеке істі ыңғайлы түрде дамытуға мүмкіндік береді. Палатаға келіп жататын өтініштер болса, керісінше жағдайдан хабар береді».

Кәсіпкерлер палатасының басшысы есебінде 2015 жылғы жасалған жұмыс жайлы өңір бизнесмендеріне айтып берді. «Палата қызметінде жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және сервистік қызметтер кешінін көрсету жолымен ШОБ дамуына жәрдем көрсету, бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін келешегі бар бағыттарды анықтау, экономиканың нақты секторларында қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін кадрлар даярлауға жәрдемдесу, әкімшілік кедергілерді төмендету, кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау Палата қызметінің басым бағыттары болып қала береді», - деп баса көрсетті Кеңес Әбсәтіров.

Басты міндеттердің бірі – ауылдық кәсіпкерлерді қолдау. Үстіміздегі жылдың ақпан айында облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды. Шалғай ауылдар кәсіпкерлері алғаш рет сол орында бизнесті қолдау бағдарламалары жөнінде ақпарат алу, жеке іс ұйымдастырумен байланысты кез-келген мәселелер бойынша консультация алу мүмкіндігіне ие болды. Олар сонымен қатар құжаттар ресімдеу, бизнес-жоспар дайындау, кредиттеу үшін қаржы институтын таңдау және т.б. мәселелерде қолдау алады.

КҚО консультанттары сүйемелдеген 239 жобадан 622 млн теңге сомасындағы 151 бизнес жоба іске асырылды.

Биылғы жылы аудандық КҚО жәрдемімен 116 бизнес субъектісі (ЖК және ШҚ) құрылып, 31 рұқсат құжатын алуда, 141 құжат жасақтауда (шарттар, келісімдер, декларациялар, қуынымдар, актілер және т.с.с.) көмек көрсетілді. Өңірлік палата директоры ауылдық кәсіпкерлерге көмектің «Даму» КҚҚ» АҚ, «АШҚҚҚ», «ҚазАгроФинанс», ЕДБ филиалдарымен бірге жүргізілетінін, бұның жұмысты тиімді ете түсетінін баса көрсетті.

Кәсіпкерлік орталықтарына сервистік қолдау сұрап келген 1084 кәсіпкерге 1468 қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар «БЖК 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында  1179 адам «Бизнес-мектеп» курсы бойынша оқудан өтіп, оның ішінде 348 адам тікелей аудан орталықтарында оқытылды.

ӨКП директоры есептік кездесуде сонымен қатар Палатаның қазақстандық кәсіпорындар өнімін өркендету жөніндегі қызметі жайлы айтып берді. «Қазақстандықты сатып ал!» жалпы халықтық акциясының аясында биыл алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» дәстүрлі байқауларымен бірге «Қаланың үздік супермаркеті» байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі критерийі Орал маңы өңірлері кәсіпорындары өнімдерінің барынша танылуы болды.

«Стекло-сервис» ЖШС және «Агропродукт ЛТД» ЖШС сынды кәсіпорындарымыз «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауының республикалық кезеңінде жеңімпаз атанғандар қатарынан табылды», - деп атады Кеңес Әбсәтіров.

Палата директоры сонымен қатар кездесуге қатысушыларға бизнесті дамытудың өңірлік картасын қалыптастыру жөніндегі қазмет жайлы жеткізді. Аталмыш жұмыс қорытындысы бойынша «тауашалы» бизнес-жобалар түріндегі келешегі бар бизнес-бағыттар анықталады. Оларды өңірде бұрыннан қалыптасқан әрі бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сыртқы және ішкі факторларға қарай дамытқан дұрыс. Сонымен қатар бизнестің дамуына бөгет жасаушы негізгі кедергілер мен шектеулер анықталады. «БҚО үшін дамудың келешегі бар бағыттарына мына салаларды жатқызуға болады: АӨК (ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді қосқанда),азық-түлік өндірісі; машина жасау, мұнай-газ жабдықтары, көлік және логистика, туризм», - деді Кеңес Әбсәтіров.

Палата директоры дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асыру жөніндегі қызметке және өндірістік кәсіпорындар үшін жұмысшы кадрларды даярлауға көп көңіл бөлді. Кеңес Әбсәтіровтың айтуынша, Мемлекет басшысының КжТББ ұйымдарында кадрларды даярлаудің қолданыстағы жүйесін бизнес мүддесінде түрлендіруге қатысты тапсырмасына білім беру саласындағы шенеуніктер оң жауап қатты. Бүгінде жекелеген кәсіпорындар жеке оқу орындарын құруға не болмаса адамдарды шетелге барып өнер үйреніп қайтуға жіберуге мәжбүр.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарламасына жұмысшы кадрларды даярлау процесіне Кәсіпкерлер палатасын және жұмыс берушілердің өзін тарту мәніне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды бірнеше мәрте енгіздік, - деп баса көрсетті Палата директоры. – Әзірше қолданыстағы құқықтық алаң аясында білім беру басқармасымен бірге 17 колледж анықталып, оларға дуалды оқыту элементтері енгізіді. Онда 51 кәсіпорын үшін 979 студент даярлануда».

Кеңес Әбсәтіров бизнесті қорғау және әкімшілік кедергілерді жою мәселелеріне ерекше назар аударды. Үстіміздегі жылы келіп түскен 421 өтініш ішінен 286 жазбаша өтініш кәсіпкерлер құқығына қысым жасаумен байланысты.

«Кәсіпкерлер көбіне түйткілдерін мемлекеттік және құқық қорғау органдары жасайды деп атайды. Олар мұндай жағдайда қайда бару керектігін, қай есікті қағарларын білмейді. Олар үшін Палатаға жүгіну – оңтайлы нұсқа. Өтініштердің 68 % жуығы бойынша оң нәтижеге қол жеткізе алдық. Ал 2015 жылы қорғалған мүліктік құқықтың жалпы сомасы 181 млн. теңгеден асып түсті», - деп атады спикер.

Кездесу соңында «Жайықброкер» ЖШС басшысы, философия ғылымдарының докторы Андрей Голубев palata.kz-пен алған әсерімен бөлісті: «Бұл кездесудің өзекті екені сөзсіз. Кәсіпкер күнделікті ісінде, қарбаласта, өкінішке орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысын байқамайды. ӨКП директорының баяндамасы жан-жақты, толық, қызықты жасалды. Бастысы, жайбарақат әрі тілектес ауан орын алып, байланыс орнатылды. Шағын кәсіпкерліктің кеңеюін, дамуын көрсеткен жұмыс жайлы, бизнесті жан-жақты қолдау және қорғау жайлы айтылды».

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер