astana-view

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің үштен бірі Алматыда шоғырланған

2015 жылғы 25 Желтоқсан
- Алматы қаласы
9678 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры өңірдегі бизнес-қоғамдастық алдында атқарылған жұмысы жайлы есеп берді

84,3 млрд. теңге – «Атамекен» ҰКП алматылық бөлімшесі 2015 жылы кәсіпкерлер құқығы мен мүддесін дәл осындай сомада қорғап қалған. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры  Юрий Тілеумұратов хабарлағандай, жыл басынан бері Алматы бойынша кәсіпкерлердің 1400-ге жуық өтініші қаралған.

Осы өтініштердің басым бөлігі салық, рұқсат ету процедуралары, жер қатынастары, мемлекеттік органдар тексерістерінің заңдылығы, мемлекеттік сатып алулар және т.б. мәселелерге қатысты болды.

Юрий Тілеумұратовтың сөзінше, кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қорғау желісі бойынша 442 түйткілді мәселе қаралып, оның ішінде 135 оң шешімін тапқан, 350 мәселе жабылған, яғни бизнес субъектісіне ақтық жауап берілген. Кәсіпкерлердің 3,3 млрд теңгеден астам сомадағы қаржылай шығынының алдын ала алдық (пайдалы қазбаларды өндіруге төленетін салықтың күші жойылды). 43 консультативтік-кеңесу органы аясында кедергілерді анықтау жүргізіледі. 180 кәсіпорын басшысы жер, жекешелендіру мәселелерін, индустриялық даму, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін субсидия алу, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант ұсыну мәселелерін шешуге белсене ат салысады. 2015 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 256 кәсіпорын 78 млрд теңге сомасына қолдау алып, 1813 жұмыс орны құрылды. Жүзеге асырудан түскен салық түсімінің жалпы сомасы 700 млрд теңгеден асып түсті. 

2015 жылы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізген 10 отырыс қорытындысы бойынша бизнес-қызметке кедергі келтірген мемлекеттік органдар қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды. Кәсіпкерлер құқығын қорғауда Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Бас прокуратурасы арасында жасалған меморандумдар басты роль атқарды. Қайта құрылған Өңірлік кеңес те кәсіпкерлікті дамытуда қуатты түрткі болып табылады. Бұл қаладағы ірі, орта және шағын бизнестің танымал 25 өкілінен тұратын Палатаның реттеуші органы. Өңірлік кеңес есептік кезең ішінде 10 отырыс өткізіп, бизнес түйткілдерін ішінен түсіну әрі кәсіпқой сапаларының арқасында онда Өңірлік кеңес мүшелері көптеген жүйелік мәселелерді Үкімет деңгейінде көтереді және шешеді.

Юрий Тілеумұратов өз сөзінде баса көрсеткендей, Кәсіпкерлер палатасы сыртқы экономикалық қызмет аясында В2В форматында 120-дан астам бизнес-форум мен іскерлік келіссөздер, 5000-нан астам кәсіпкер мен шетелдік бизнесмен, сонымен қатар халықаралық ұйымдар қатысқан жеті көрме ұйымдастырды. Әлемнің 50 еліндегі 185 шетелдік кәсіпкермен іскерлік байланыстар жөнге салынды. Палата кәсіпкерлерді бейқаржылық қолдауға ерекше маңыз береді. Сөйтіп, Алматы қаласы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары бухгалтерлік және салық есебі бойынша «бір терезе» қағидатымен тегін қызмет көрсетіп, кедендік процедуралар, консультация беру және менеджмент жүйелерін енгізу, заңгерлік қызмет көрсету, маркетинг мәселелері жөніндегі, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алулар және менеджмент мәселелері жөніндегі күллі процесте консультация беру және толық сүйемелдеу ойдағыдай жалғасуда.

«Бизнес-мектеп» құрамдасы бойынша 1378 адам оқудан өтіп, сертификаттарға ие болды: оның ішінде “Бизнес-кеңесші” жобасы бойынша - 1155 адам, жобалық оқыту бойынша - 98 адам,  “Бизнес өсу” бойынша - 125 адам. Қазіргі сәтте оқыту нәтижесі бойынша 42 жоба іске асырылды. Тауардың шыққан тегін сертификаттау бөлімі 2217 сертификат берді, оның ішінде 491 «CT-KZ» сертификаты және 1726 Қазақстаннан тауарларды экспорттау сертификаты.

Адами капиталды дамыту жөнінен салалық қауымдастықтар жанындағы полиграфия және баспалар, жиһаз және ағаш өңдеу, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, туризм және қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарына арналған бес салалық оқу-әдістемелік кластер ашылған және қызмет жасап жатыр. Аталмыш оқу-әдістемелік кластерлер тек Алматы қаласында ғана ашылған. Дуалды білім беру жүйесінің жол картасын жүзеге асыру аясында 47 кәсіпорынмен және 32 колледжбен 2033 маман даярлауға 80 шарт жасалды.

“Оңтүстік астанада Қазақстандағы шағын және орта бизнестің үштен бірі шоғырланған. Осыған байланысты Палатаның мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлікті дамыту институттарымен, екінші деңгейдегі банктермен, бизнес-қауымдастықтармен, қаржы инстиуттарымен, білім беру мекемелерімен әрекеттестігі нақты жөнге салынуға әрі тиімді болуға тиіс, - деп бастады сөзін есептік кездесуге қатысқан «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынабасары Нұржан Әлтаев. – 2014-2015 жылдар қорытындысы бойынша еліміздегі жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 26% құрап отыр. Ал аталмыш көрсеткіштегі Алматының ролі ерекше маңызды”.

Іс-шара барысында кәсіпкерлер мүмкіндіктерін пайдаланып, көкейлерінде жүрген мәселелерін тағы бір қозғады. Әрі... сол жерде жауап алды. Сөйтіп, Алматы қаласы Мемлекеттік табыс департаменті қызметкерлеріне шағымы бар Orient telecom ЖШС бас директоры Мұратбек Сағымбековтың сөзінен кейін Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов ведомство басшылығына айтылған түйткілді тез арада шешу жөнінде нақты тапсырма берді.  

Есептік кездесуде Алматыдағы 30-дан астам кәсіпорын мен іскерлік қауымдастықтар басшыларын құрмет мадақтамаларымен марапаттау ерекше жағымды ауанда өтті. Салтанатты жағдайда сонымен қатар қала прокуроры Берік Асыловқа Алматы қаласы кәсіпкерлік қоғамдастығының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша қоластындағы ведомствосы жүргізген жұмыс үшін «Атамекен» ҚР ҰКП алғыс хаты табысталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер