astana-view

Көлемді 65 лот

2015 жылғы 28 Желтоқсан
8773 просмотров

Қазақстан Үкіметі жаңа жекешелендіру жоспарын бекітті

25 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын бекітіп, оның аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» АҚ» және «ҚазАгро» АҚ республикалық меншіктегі ең ірі 65 компаниядан тұратын мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы секторлар жекешелендіру нысандарының тізбесі бекітілді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мәжілісте өткен үкіметтік сағат барысында сөйлеген сөзінде хабарлады.

Үкімет сонымен қатар «Самұрық-Қазына» құрамына кіретін еншілес және тәуелді компаниялар тізбесін бекітті. Олардың саны 173 компанияны құрап отыр. Сонымен қатар 645 ұйымнан тұратын жекешелендіру, МЖӘ, Тарату нәтижесінде бәсекелес ортаға берілетін нысандардың өзектендірілген қолданыстағы тізбесін мақұлдады. Оның ішінде - 46 республикалық меншік ұйымы, 367 коммуналдық меншік кәсіпорны, «Самұрық-Қазынаны» қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың 129 еншілес, тәуелді компаниясы.

Ерболат Досаев сонымен қатар 2016 жылдың бірінші тоқсанында меншіктен шығаруға жатпайтын нысандар тізбесі қысқартылып, мемлекеттік сыңайлы сектордың меншіктен шығарылатын активтерін сатып алуға деген барлық акционерлердің басым құқықтарының күшін жоюды көздейтін заң жобасы дайындалатынын хабарлады. 2016 жылғы қаңтар айында Қазақстан Үкіметінің жанынан жекешелендіру процесін сүйемелдеу және мониторинг жүргізу үшін халықаралық консультанттарды тартумен арнайы Жобалау кеңсесі құрылмақшы. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «ҚазАгро», «Бәйтерек» нысандарын қоса алғанда, Бірыңғай ақпараттық саясат аясында әрбір нақты кәсіпорынның мақсатын егжей-тегжейлі сипаттау арқылы жекешелендіру жөніндегі кең көлемді PR-науқан жоспары дайындалды.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер