astana-view

Банктер бағам айырмашылығынан табыс табуды көздемейді

2015 жылғы 28 Желтоқсан
6846 просмотров

Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің бағам айырмашылығынан табыс табу мүмкіндігі сарқылды

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бүгін Мәжілісте өткен үкіметтік сағат барысында осылай деп мәлімдеді. Ол Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарын ұсына отырып, бірінші тармақта «қаржы нарығын тұрақтандыру» деп жазылғанын, ол үшін «Үкімет Ұлттық банкпен бірге қажет шаралар топтамасын қабылдамақшы» деп атап өтті.  

«Сәйкес ниет те жоқ емес. Ұлттық банк алғашқы қадамын жасап та қойды. Осындай көлемді құбылмалылық жағдайында бірінші кезеңнен өткенімізге сенімдіміз. Бүгінгі таңда нарық әлдеқайда анық болып отыр», - деді Ерболат Досаев.

«Сондай-ақ тұрақты нарыққа қол жеткізгіміз келетіні рас. Бірақ еркін бағам жағдайында айтқымыз келіп отырғаны да осы, инфляциялық таргеттеу болжамы: инфляция деңгейі қаншалықты төмен болса, бағам да тұрақтырақ болады. Бұл келесі жылға алға қойған жоспарларымыз. Биылғы жылы еркін бағамға өтуді ескере отырғанда, жоспарлағанымыздан да жоғары инфляция деңгейі орын алғаны түсінікті», - деді министр.

Ерболат Досаев сонымен қатар валюта нарығындағы ойын ережесін де қозғады. 

«Алайда келесі жылмен байланысты мәселелер, бүгінде көпшілік қозғап жүрген нарықтағы ойын ережелері мәселелері бұл – бағам айырмашылығымен қосымша табыс табу үшін, банктер валюта соңында жүр ме деген мәселе. Бүгінде, ашығын айтайын, банктердің мұндай мүмкіндіктері сарқылды, себебі валюта нарығындағы табыстармен байланысты мәселелер бір бөлек, жеке қарыз алушылары үшін қоржынды нашарлату деген мәселе екінші дүние», - деп баса көрсетті ол.

Ұлттық экономика министрі сонымен қатар «теңгерімнің қазірде банктер пайдасына болмай отырғанын» баса көрсетті.  

«Олар бұл туралы жақсы біледі. Әрі банктер қазір қарыз алушыларға берген қарыздардың қайтарылуына ерекше мүдделі», - деп атады министр.

Сонымен бірге, «Үкімет Ұлттық банкпен бірге қаржы жүйесінің тұрақтылығын тексеруге күйзеліс сынақтарын өткізе алады». «Бұған қатысты шешім қабылданады. Үкімет ақша-кредит мәселелерін қалыптастыруға және Ұлттық банк айналысып жүрген қалыпты бағам саясатын іске асыру мәселелеріне белсене ат салысатын болады, - деп түйіндеді Ерболат Досаев.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер