astana-view

Ауылдықтарға арналған дәмді нан

2015 жылғы 28 Желтоқсан
- Ақмола облысы
12375 просмотров

КҚО консультанттары кәсіпкерге заңгерлік көмекті жылдам әрі тиімді түрде көрсетті

Шортанды ауылының тұрғындары біраз уақыттан бері кәсіпкер Ольгка Кабачкованың иісі мұрын жаратын, жаңа пісірілген нанына үйреніп қалды

Жаңа «Мария» шағын наубайханасы жұмысын қыркүйек айында бастаған еді, алайда жергілікті сатып алушылардың сенімі мен сұранысына жылдам ие болды.  

«Біз бірден алдымызға мақсат қойып алдық: өнімдеріміз ең пайдалы, дәмді әрі жаңа пісірілген болуға тиіс. Әрі күн сайын мұны еңбегімізбен дәлелдеп келеміз, - дейді кәсіпкер. – Сатып алушыларды дүкенімізде жаңа піскен нан иісі қарсы алып, әрбір отбасы өз талғамына сай нан таңдап алуы үшін, нан-тоқаш пісіретін цехымыз тәулік бойғы режимде жұмыс жасайды».

Ісін бастаушы бизнесвумен үшін бастапқы алаң жалға алынған дүкен болды. Оның бір жағында нан пісірілсе, екінші жағында сатылады. Наубайхананың бар жабдығы – бір пеш пен қамыр илегіш. Өндірісте бар-жоғы үш адам еңбек етеді.

Бизнестің ең бастапқы кезеңінде кәсіпкерде еңбек қатынастары саласындағы құжаттарды ресімдеуде түйткілдер туындайды. Ольга Кабачкова көп ойланбастан, Шортандыдағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгінеді. Консультанттар оған жылдам әрі тиімді түрде заңгерлік көмек көрсетіп, еңбек шартының жобасы мен жұмыс беруші актісін дайындауға көмектеседі. «Жалпы, кімнен көмек сұрап жүгіну керек деген сұрақ туындаған жоқ. КҚО шортандылықтар арасында іскерлік беделді бірден жаулап алған болатын. Өтініш берушілерге мұнда шамасына қарай қажет қолдау көрсетуге дайын екендеріне өзім де куәмін», - дейді Ольга Кабачкова.  

Бүгінде наубайхана оннан астам нан-тоқаш түрін шығарады. Қырыққабат және картоп қосылып үйдегідей пісірілген бәліш, наубайхананың жеке рецептімен пісірілетін «Отрубной» наны сатып алушылар арасында ерекше танымал.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер