astana-view

Жеке топтамаларға арналған эксклюзив

2016 жылғы 06 Қаңтар
7365 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетуде

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сауда алаңдарының иелерімен “Ақниет үміті” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өнімдерін өткізу үшін сауда орындарын ұсыну жайлы келіссөздер жүргізуде.

Палатаның қоғамдық ұйыммен әлеуметтік әріптестігі тарихы 2015 жылғы мамыр айында басталған еді, ол кезде ӨКП мамандарының белсенді жәрдемімен “Ақниет үміті” мүгедектер қоғамдық бірлестігі жобаларды сүйемелдеу бойынша «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында 1,3 млн теңге өтемсіз грант  алды. Қазірде қоғамдық бірлестік базасында кәдесый өнімдерін әзірлеу жөніндегі оқу-өндірістік шеберханасы бар көркем мүсіндеу өнері мектебі ашылып, оған студенттер мен Н.Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат, Ұлттық өнер акалемиясы, Т.Жүргенов атындағы Өнер колледжі студенттері мен түлектері тартылды.

Бүгінде аталмыш әлеуметтік жоба осы саладағы үйреншікті волонтерлық аясынан шығып та кетті. Бұл балалардың мүмкіндіктері біз ойлағандай шектеулі болмай шықты: шеберлер топтамасында мәрмәр, гипс, полимер, темір бетоннан жасалған эксклюзивті дүниелер баршылық. Әдеттегі фигуралар орнына ежелгі адамдар бейнелері нақышталып жасалып қойылған ерекше шахматтар да бар. Шеберлер шахматтың 4 жиынтығын дайындапты: “Қазақтар жоңғарларға қарсы”, “Шыңғыс ханның әскерлері мен қытайлар”, “Александр Невский шведтермен” және “Александр Македонский сақтармен”. Белгілі саяси және қоғам қайраткерлерінің мүсіндері ерекше танымал (Д.Қонаев, М.Мақатаев). Сый-құрмет пен естелік ретінде жақын туыстар мүсіндерін жасауға жеке тапсырыстар түсіп тұрады. 

Авторлардың барлығы қоғамдық бірлестікке ресми түрде жұмысқа тұрғызылған және адал ниетті салық төлеушілер болып табылады. Жобаны ұйымдастырушылар Жалпыға ортақ Еңбек қоғамының  белсенді қаысушысы болуға, қазіргі заманғы қоғамға мүгедектерді бейімдеу және оңалтуға қолдау көрсетуге, біреудің есебінен күнелтуді азайтуға, мүмкіндігі шектеулі болса да, ниеті бар жандарды оқытуға және жұмысқа тұрғызуға тырысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер