astana-view

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

2016 жылғы 11 Қаңтар
- Жетісу облысы
11583 просмотров

Фермерлерге кооперацияның басымдылықтары жайлы айтылды

Кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның Фермерлер одағы облыстық филиалымен бірге құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында, ауыл шаруашылығындағы мақсаттық даму және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын дайындауға және жүзеге асыруға жәрдем көрсету жолында фермерлерді шоғырландыру үшін күш біріктіруде.

Фермерлер одағының әрбір ауданда үйлестіру Кеңестері бар. Аталмыш Кеңестер енді Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында орналасатын болады. Оларға жұмыс орындары, компьютер және кеңсе техникасы беріледі. Бухгалтер және заңгерді жалдаудың қажеті болмайды. Барлық бейқаржылық қолдауды КҚО қызметкерлері көрсететін болады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңсесінде ұйымдастырылған кездесуде осындай шешім қабылданды.  

Қазақстанның Фермерлер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Ақшабай Керімбековтың пікірінше, аудандарда филиалдардың құрылуы дағдарыс пен нарықтың жаңа жағдайларында дамуға тиіс аграрийлердің көптеген түйткілдерін шешуге мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда облысымызда олар түрлі ауылшаруашылық өнімдер өндіреді, алайда олардың жұмысын одан әрі тиімдірек ету үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасау керек, бұл фермерлікті кеңейтуге және жұмысымызды табыстырақ етуге мүмкіндік береді», - деп атады ол. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары және Аграрлық кредиттік корпорация өкілі шаруа қожалықтары басшыларына көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы егжей-тегжейлі тарқатып айтып, фермерлердің көптеген өзекті сауалдарына жауап берді.

2015 жылғы 29 қазанда Мемлекет басшысының «Ауыл шаруашылық кооперативтер туралы» жаңа заңға қол қойғаны белгілі. Ол түрлі ауыл шаруашылық өндірушілердің экономикалық бірлестіктері үшін негізді қамтамасыз етеді. Заң Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың қауымдастықтарының қызметін кешенді реттеуге бағытталған.

«Кооперативтерді құру отандық өндірушілердің кепілдіксіз кредиттер, субсидиялар алуына және өндірілген өнімді өткізу кезінде арнайы салық режимін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстаннан сапалы етті экспорттау бойынша ДСҰ және ЕАЭО нарықтарында бәсекеге қабілетті болуға сеп болады», - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева.

Алматы облысында ауыл шаруашылығымен айналысатын 47 мыңнан астам заңды тұлға бар. мол өнім берер жерлер мен су ресурстары жөнінен облыс елімізде бәрінен алда тұр. Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасындағы басты салалардың бірі. Шикізатты қайта өңдеу, ауыл шаруашығы өнімдерін тасымалдау, сақтау және сатумен айналысатын көптеген кәсіпорындар оның табыспен жұмыс жасауына тәуелді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер