astana-view

Мәжіліс тарайды

2016 жылғы 13 Қаңтар
6676 просмотров

Парламенттің төменгі палатасының депутаттары мерзімінен бұрын тарауды және сайлау өткізуді бастамалады

Парламент Мәжілісінің сәрсенбісі сенсациямен басталды. «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиялары Парламенттегі үш фракциясының депутаттары жоспарланған алқа отырысына бір сағаттай уақыт қалғанда Мемлекет басшысына мерзімінен бұрын тарату және жаңадан сайлау өткізу жайлы бастамамен жүгінді.

Бірлескен брифингте үндеу мәтінін ҚКХП фракциясының депутаты Владислав Косарев оқыды.

«Мәжілістің V шақырылымы уәкілеттігін мерзімінен тоқтату және Парламентке жаңадан сайлауды тағайындау туралы ұсыныс айтамыз. Мәжіліс тарихи миссиясын орындады, Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін заңнамалық база жасақтады», - деді мәжілісмен үндеу мәтінін оқи отырып.

Тарауды бастамалаушылар сонымен қатар «қазіргідей жаңа тарихи кезең келе жатқанда, елді көлемді модернизациялау басталып жатқан жағдайда партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алғаны маңызды» екенін атады.

Үндеуде аталғандай, «саяси күштердің шоғырлануы, бірлік және бірлесе әрекет жасау жаңа экономикалық соққыларға төзімділік танытуға мүмкіндік береді». Мәжілісмендер сонымен бірге «Парламентке сайлауды жергілікті мәслихаттарға сайлаумен біріктіруді» ұсынды, бұл «дағдарыс жағдайында сайлау циклын созбай, сайлау өткізуге бюджеттен кететін шығынды қысқартуға» мүмкіндік береді.

«Баяндалған ұстанымдар негізінде Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің Мәжілістің V шақырылымын мерзімінен бұрын тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау бастамасымен үндеу жолдап отырмыз», - делінген екен депутаттар үндеуінің мәтінінде.

Депутаттар сонымен қатар қоғамдық бірлестіктерді, үкіметтік емес ұйымдарды, сонымен қатар Қазақстан азаматтарын Парламент Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату туралы бастаманы қолдауға шақырды.

Осыдан кейін бір жарым сағатқа жуық уақыт бойы өткен Алқа отырысы V шақырылым мәжілісмендері үшін іс жүзінде соңғы болды. Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов отырысты жаба отырып, әріптестеріне «жаңа шақырылмдарда жаңа кездесулерді» және «халық игілігіне жемісті еңбек етуді» тіледі.

Парламент Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа, жаңа сайлау күнін тағайындай отырып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қоюға тиіс.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер