astana-view

Табысты экономика қағидаты

2016 жылғы 15 Қаңтар
- Жамбыл облысы
12798 просмотров

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті жан‑жақты қолдау қажеттігін атады

ӨКП ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласының жекелеген аспектілері бойынша ұстанымын білдірді.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова Орталық коммуникациялар қызметі облыстық филиалында өткен брифингте сөз ала отырып, Ұлт көшбасшысының өз мақаласында бес институионалдық реформаны жүзеге асыру үшін мемлекет пен қоғам алдында тұрған міндеттерді тағы бір нақтылап кеткенін атады. Мемлекет, экономика мен қоғамның дамуы үшін жаңа құқықтық мемлекет құратын 59 заң күшіне енді.

«Мемлекет басшысының, бірінші кезекте, мемлекеттің шағын және орта бизнесті жан‑жақты қолдау, оны қорғауды тиісті деңгейде қамтамасыз ету қажеттігін атағаны көңілге қонады, - деп атады Қарлығаш Аралбекова. – Табыспен жұмыс жасайтын экономиканың қағидаты да осында. Көптеген аспектілер бизнесті оңалту мен банкроттықтың модернизацияланған құқықтық аспектілерінен тұратын Кәсіпкерлік кодекстен көрініс берген.

Бүгінгі күні Жамбыл облысында бизнес субъектілерінің саны 75 453 бірлікті құрап отыр. Соның ішінде 99,3 пайыз шағын бизнес, 0,5 пайыз – орта және 0,1 пайыз - ірі. 2015 жылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына  жалпы алғанда 5454 өтініш келіп түскен, оның ішінде 62 пайыз – облыс орталығынан, қалған өтініш иелері облыс аудандарынан».

Палатаның басты міндеттерінің бірі – кәсіпкерлер құқығын қорғау. Өтініштердің басым көпшілігі – шамамен 80 пайыз аталмыш сараланымда шағын бизнеске тиесілі, қалған 20 - ортаға. Заңгерлер мен бухгалтерлердің жеткілікті деңгейдегі білікті штатына ие ірі бизнес түйткілдерін өзі шеше алады.

Құқықтық мәселелерге келер болсақ, 279 өтініш ішінен 76 өтініш кәсіпкерлер құқығын қорғауға қатысты болған, 42 оң шешімін тапты. Егер сараланымдар бойынша құрылымдайтын болсақ, 48 пайыз жер мәселелеріне қатысты болды, 21 пайыз - салық, 18 – мемлекеттік сатып алулар. Жалпы алғанда, 1,6 миллиардтан астам теңге сомасына кәсіпкерлер құқығы қорғалған.

Жыл өткен сайын өңірдің әлеуметтік‑экономикалық дамуындағы Кәсіпкерлер палатасының ролі артып келеді, сондықтан да БАҚ‑тың ӨКП қызметіне деген қызығушылығы түсінікті.

Палата директорына көптеген сұрақтар қойылды. Қарлығаш Аралбекова шаруа қожалықтарын ірілендіруге қатысты облыстағы алғашқы пилоттық жоба сүт өнімдерін шығару жөніндегі «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі қатысушыларының саны 15‑тен 37‑ге жеткенін мәлімдеді. Бастысы – болашақта өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету, яғни жоғары өнімді аналық мал басын сатып алу түйткілдерін шешу. Палата өкілдері мемлекеттік сатып алуларды өткізуде бақылаушы ретінде роль алып, мемлекеттік‑жеке меншік әріптестік стандарттарын қалыптастыру процесіне белсенді түрде ат салысады. Қарлығаш Аралбекова сонымен қатар экономиканы доллардан ажырату кезінде қандай тосқауылдар бар екенін, мемлекеттің кооперативтерге біріктіру кезінде меншік иелерін қалайша қорғайтынын, адамдардың мейрамханалар салмай, өндіріс орындарын ашуы үшін не істеу керектігін, ауылдағы шағын бизнесті қалай дамытуға болатынын түсіндірді.

Брифинг берілген уақыт аясынан асып кетіп, жалпы кәсіпкерлікті дамыту жайлы кеңейтілген сұхбат сипатын алды. Қарлығаш Аралбекова журналистер көтерген кейбір мәселелерді назарға алды. Аталмыш сұхбат барлық тараптар үшін танымдық әрі пайдалы ауанда өтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер