astana-view

Қорғау тиімдірек болса, сенім де арта түседі

2016 жылғы 21 Қаңтар
8739 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП қызмет жасай бастағаннан бері бизнесті қорғау желісі бойынша кәсіпкерлерден 10 мыңға жуық өтініш келіп түскен

Оның ішінде 2600 астамы – ҚР ҰКП орталық аппаратына және 7400 астам өтініш – өңірлік палаталарға.

Егер динамикаға талдау жүргізетін болсақ, жыл өткен сайын кәсіпкерлер өтініштерінің саны өсіп келеді. Сонымен, 2015 жыл ішінде ҚР ҰКП-ға бизнесті қорғау желісі бойынша 5 300-ден астам өтініш түссе, оның ішінде 1 080 – ҚР ҰКП орталық аппаратына, 4 230 – өңірлік палаталарға. 

2014 жылы мұндай өтініштер саны 4 570 болған (1 460 өтініш ҚР ҰКП орталық аппаратына, 3 110 – өңірлік палаталарға). Бір жыл бұрын, 2013 жылы бизнесті қорғау желісі бойынша 124 өтініш келіп түскен (59 ҚР ҰКП орталық аппаратына, 65 – өңірлік палаталарға).

ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленконың айтуынша, бизнесті қорғау желісі бойынша келіп түскен өтініштер санының өсуі байқалады (2015 жылы өтініштер саны 2014 жылмен салыстырғанда 16% ұлғайған), оның үстіне 2015 жылы өңірлік палаталарға келген өтініштер 2014 жылмен салыстырғанда 36%-ға көп түскен. Алайда 2015 жылы ҚР ҰКП орталық аппаратына келген өтініштер 2014 жылмен салыстырғанда 26%-ға аз болған.

«Көрсетілген динамика жер-жерлердегі өңірлік палаталарға деген сенімнің өсуінен хабар береді деген ойдамыз. Бұл ҚР ҰКП жұмысының оң нәтижесі болып табылады. Егер 2014 жылы бизнесті қорғау желісі бойынша келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 30% бойынша оң нәтижеге қол жеткізілсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 54%-ға жеткен. Осылайша, бүгінгі таңда жағымды өтініштер пайызы 42% құрайды», - дейді департамент басшысы.

ҚР ҰКП қызмет етіп тұрған уақыт ішінде бизнесті қорғау желісі бойынша өтініштер жер қатынастары және құрылыстағы құқықтық қатынастар саласында көптеп түскен - 19%, салық қатынастары - 13%, сатып алулар мәселелері бойынша - 9% және жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы даулар бойынша - 6%.

Сонымен қатар, өтініштердің жоғары көлемі басқа да салаларда болған:

  • 4% - қаржы секторы;
  • 4% - табиғи монополиялар субъектілерімен әрекеттестік;
  • 4% - көлік мәселелері;
  • 3% - лицензиялар және рұқсаттар;
  • 3% - аграрлық-өнеркәсіп кешені;
  • Электр энергетикасы және энергия үнемдеу, сауда қызметін реттеу, кеден мәселелері, атқарушылық іс – 2%-дан.

ҚР ҰКП қызмет еткен 2 жыл ішінде кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқығының сомасы 22,8 млрд теңгені құраған, оның ішінде 8,4 млрд 2014 жылы, 14,4 млрд теңге – 2015 жылы.

Ең «ақшалы» жұмыстар Шығыс Қазақстан облысы (3,9 млрд теңге), Алматы қаласы (3,8 млрд теңге), Қостанай облысы (2,8 млрд теңге), Жамбыл облысы (1,6 млрд теңге), Ақтөбе облысы (1,2 млрд теңге), Астана қаласы (1 млрд теңге) Кәсіпкерлер палаталарында атқарылған.

Қызмет жасаған уақыт бойында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестердің 225 отырысы өткізілген (26 отырысты орталық Кеңес өткізген, 199 отырысты – Өңірлік палаталар Кеңестері).

3 отырыс 2013 жылы, 96 отырыс 2014 жылы және 126 отырыс 2015 жылы өткізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер