astana-view

Тас төсеуіш өндірісі

2016 жылғы 21 Қаңтар
- Қызылорда облысы
14309 просмотров

Қажеттіліктерге сәйкес кәсіпкерліктің жаңа түрлерін жасақтау

Халық саны 80 мыңға жуық Жаңақорған ауданында салынып жатқан нысандар саны жыл өткен сайын өсіп келеді. Сәйкесінше, құрылыс материалдарына деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан да Әсем Шәуенова Кәсіпкерлер палатасының мамандарымен кеңесіп алып, жаяужол плиткасын (тас төсеуіш) өндіру жөніндегі шағын цех ашуға шешім қабылдайды.

Былтырғы жылы Палатаның аудандық филиалы менеджерлеріне жүгінгеннен кейін оған бизнес-жоспар құруға, қажет құжаттарды жинауға көмектесіп, жобаны жеңілдікпен қаржыландыруға «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына жолдайды.

Кәсіпкер 9,7 млн теңге мөлшеріндегі алған қаражатына жаяужол плиткасын өндіруге Ресейден жабдық сатып алып, орнатады. Жаңа аппарат күніне 300 шаршы метр дайын жаяужол плиткасын шығарады.

Кәсіпорын қысқы кезеңде жұмысын тоқтатып қойған. Ал цех жұмыскерлері үшін жаз мезгілі климаттық мағынада ғана емес, жұмыс жағынан да аса ыстық уақыт.

Қазірде жеке кәсіпкердің 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын, жазға қарай бұл сан он беске өсетінін атап өтейік. Кәсіпкер аудан әкімдігімен, аудандық шипажай басшылығымен келісім жасасып қойған. Өнім сапасы жоғары әрі бағасының қолайлы болуы салдарынан құралыс материалдарын алуға көршілес облыстардан, Түркістаннан келетіндер де бар. Әсем болашақта тағы да біраз жабдық сатып алып, ісін кеңейткісі келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер