astana-view

Табиғиға қарсы монополиялар ауылдық бизнеске бөгет жасауда

2016 жылғы 25 Қаңтар
- Қарағанды облысы
13067 просмотров

Қарқаралы бизнесі монополистер қызметіне наразы

Ауданда құрылған ШОБ жөніндегі комитет кәсіпкерлер үшін әділетті баға орнатылуына қол жеткізбекші.

Шағын және орта бизнес жөніндегі комитет Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының жанынан құрылды.

Алғашқы отырыстағы негізгі талқылау тақырыбы «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС ұсынатын электр энергиясының бағасы төңірегіндегі түйткіл болды. Монополис, өңір кәсіпкерлерінің пікірінше, тарифтерді еш негізсіз тағайындаған болып шықты. Қарағанды облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментінің ресми хатына сәйкес, электр энергиясының құны 2013 жылдан бері қосылған құн салығын қоспағанда 1 КВт үшін 14,66 теңгені құрайды, ал қарқаралылық кәсіпкерлер осы уақыт бойында 22 теңгеден төлеп келген. Көптеген өндірушілердің мойындағанындай, тауарлар, қызметтер бағасын көтермей, клиенттерден айрылып қалмай, шығынға жұмыс жасауға тура келуде. Мұндай жағдай Қарқаралы ауданында ғана емес, облыстағы басқа да өңірлерде орын алып отыр. 2015 жылы барлық инстанция соттары ЖШС әрекетін заңсыз деп танып, ТМРАД барлық аудандарда қайта есептеу жүргізуді міндеттейді. Алайда Жезқазған Энергосбыт» бұл ұйғарымды орындамай, энергияны жоғары бағамен жеткізуін жалғастыра береді. Жұмыс органы бірқатар кездесулер өткізіп, жергілікті бизнес үшін оң нәтижеге қол жеткізбекші.

Комитет сонымен қатар ШОБ субъектілерінің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында көптеген семинарлар мен білім беру кездесулерін өткізу жұмыстарын белсендіретін болады.

Қарқаралы ауданы ШОБ комитетінің төрағасы болып Қарқаралы ауданындағы ірі ТҚКС иегері – Мейір Мүбәрәков сайланды. Бизнесте жүргеніне 14 жыл болыпты. Жаңа комитет төрағасы – айтарлықтай танымал әрі беделді тұлға – кәсіпкерлерге қатысты барлық іс-шараларға қатыса отырып, ешқашан сырттай бақылаушы болып қалып қоймайды. Бизнесмен Палата филиалымен тығыз әріптестікте – консультациялар алады және салық, мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша басқа кәсіпкерлермен тәжірибе алмасып отырады. Мейір Мүбәрәков аудандағы қайырымдылық бастамаларын әрдайым қолдай жүріп, белсенді әлеуметтік қызмет жүргізеді.

Дауыс беруден кейін Мейір Мүбәрәков сенім білдіргендері үшін әріптестеріне алғыс айтты: «Комитет мүшелерінің сенім білдіргендеріне рахмет. Күрделі жағдайларда кәсіпкерлерімізге, жерлестерімізге барынша қолдау көрсету үшін, қолымнан келгенін жасаймын», - деді ол.

Өткен жылы Қарқаралы ауданының бизнеске арналған гранттардың ең көп көлемін алғанын еске саламыз.

Ауданда 1553 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Бизнес негізінде ауыл шаруашылығы, сауда және өңдеу өнеркәсібі саласында шоғырланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер