astana-view

Клиентке бағдарлану

2016 жылғы 25 Қаңтар
- Павлодар облысы
16871 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының жұмысына баға берілді

ӨКП жеке құрамның кәсіби шеберлігін, кәсіби білім қалыптасу деңгейін көтеру, бастамашылдық пен іскерлік белсенділік деңгейін ынталандыру мақсатында 2015 жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік кәсіпкерлікті қолдау орталығы» байқауын өткізді.

Байқау комиссиясы КҚО жұмысына мына критерийлерге қарай баға берді: КҚО-ға кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты тарту және оларға консультациялық қызметтер көрсету, жұмыста бизнесті бейқаржылық қолдау құралдарын қолдану, рұқсат құжаттарын алу, бизнес ашу, құжаттар жинауға көмектесу жөнінен жобаларды сүйемелдеу (бизнес – жоспарлар, шарттар, декларациялар және басқалары)

Байқау жеңімпазы КҚО жұмысының жоспарлы көрсеткіштері орындалуының ең жоғарғы нәтижелері бойынша анықталды. Әрбір нәтижелі көрсеткіш үшін комиссия бағалау критерийлері бойынша балдар қойды. Ақырында Шербақты, Өспен, Ертіс, Лебяжі, Павлодар аудандары мен Екібастұз қаласы филиалдары жоғары бағаларға ие болды. Өңірдегі Ең үздік Кәсіпкерлікті қолдау орталығы және жеңіс Кубогының иегері ПО КП Қашыр филиалы атанды.

2015 жыл басынан бері Палатаның Қашыр ауданындағы филиалы 800-ден астам консультация өткізіп, шағын және орта кәсіпкерліктегі 700-ден астам клиентке қолдау көрсеткен. КҚО менеджерлері бизнестің ең өзекті мәселелерін жедел шешіп отырды. Соның ішінде мемлекеттік қолдаудың қолда бар құралдары бойынша консультация беру және ісін бастаушы, әрекет етуші кәсіпкерлер үшін рұқсат құжаттарын алуды толық сүйемелдеу. Жалпы сомасы 104,1 миллион теңгеге 50 жоба оң нәтижемен сүйемелденген.

Палата филиалы кәсіпкерлікті дамыту институттарымен, ауылдық кердит серіктестіктерімен, «Қазагромаркетинг» ақпараттық-консультативтік орталығымен, екінші деңгейдегі банктермен «бір терезе» қағидаты бойынша тиімді әрекеттестікте.

Мұндай байқауды тоқсан сайын өткізу жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер