astana-view

Қайырымдылық үшін марапат – Ұлыбританияға сапар

2016 жылғы 27 Қаңтар
- Алматы қаласы
8981 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында «Шеврон» компаниясы мен Британдық кеңестің «I-SEED: инновацияларәлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясындағы бір жылдық әріптестіктің қорытындысы шығарылды.

Кең көлемді науқанға мегаполистегі төрт колледж – индустрия, туризм және қонақжайлылық колледжі, Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі, халықаралық бизнес академиясы колледжі, Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжі, UIB университеті, сонымен қатар Ерейментау қаласынан келген 210 студент пен оқушы қатысты.

Жеткіншектер 650 бенефициарға арнап өз беттерінше 24 жоба дайындады және жүзеге асырды, 600-ге жуық волонтерды белсенді әлеуметтік жұмысқа тартты. Қатысушылардың әлеуметтік жобалары қарт адамдарды және аз қамтылған отбасыларды қолдауға, балалар үйіндегі балалардың өмірлік дағдыларын дамытуға және оларды әлеуметтендіруге, Алматы қаласы хоспистеріне көмек көрсетуге, жастардың экологиялық сауаттылығын көтеруге, салауатты өмір салтын өркендетуге, мүмкіндігі шектеулі балалардың хабардар болуы және тартылуын көтеруге, үй жануарларына деген жауапты қарым-қатынасты тәрбиелеуге және басқаларына бағытталды.

Байқау қорытындысы бойынша студенттер жүзеге асырған ең үздік әлеуметтік жобалар іріктеліп алынды. Бас жүлде - Ұлыбританияға сапарды, қазылар алқасының таңдау жасауының қиын болғаны соншалық, бірден екі топ жеңіп шықты. Ең маңызды бастама авторлары – «Круговорот добра» жобасын ұсынған Алматы индустрия, туризм және қонақжайлылық колледжінің білімгерлері (Дина Лян, Денис Шинкоренко, Дмитрий Рябов) және Халықаралық бизнес академиясы колледжінің «Новый взгляд на историю» жобасы (Диана Нариманова, Максим Ли, Ляззат Нуржанова). Жеңімпаздар әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жетекші тәжірибемен танысу үшін Ұлыбританияға оқу сапарына аттанады.

“Қуанышымда шек жоқ!, - деп қуаныштан көзіне жас алды ХБА колледжінің 2 курс студенті Диана Нариманова. – Біз “Әлеуметтік туризм: тарихқа жаңа көзқарас” жобасын дайындадық. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да саяхаттауға құқығы бар екенін дәлелдегіміз келді. Бұл 1+1 жоба болатын: біз бір волонтер мен бір арбаға таңулы мүгедекті тарттық та, олардың Ремизовка шатқалына сапарын төлеуге демеуші таптық. Онда Қажы баба қасиетті орны бар. Бұрын ол кісі тіпті қалалық паркке бара алмайтын еді. Болашақта саяхаттар географиясын кеңейтпекшіміз, Бурабайға, Түркістанға, Қазақстанның тарихи жерлеріне сапарлар жоспарын дайындап қойдық. Демеушілерді де тартатын боламыз. Әлеуметтік кәсіпкерлікте көмекке мұқтаж жандарға демеу болу, жанашырлық жағы ұнайды”.   

Студенттердің идеяларды жүзеге асыруына I-SEED аясында ұйымдастырылған тренингтерде алған білімдері көмектесті. Тренингтік бағдарлама бизнес-жоспарлау, әлеуметтік кәсіпкерлік, қаржыны басқару, коммуникативтік және презентациялық дағдыларды дамыту, мансап жолын жоспарлау және фандрайзинг бойынша модульдерден тұрады.

“Палата сонымен қатар Алматыдағы жоғары оқу оны мен 4 колледж базасында 8 жас кәсіпкерлер мектебін ашты. Онда қатысушылар кәсіпкерлік дағдыларына ғана емес, негіздеріне де оқытылды. Осы әлеуметтік жобаларға қарай отырып, бауырмал, адамгершілікті, патриот әрі жауапкершілікті жастарды тәрбиелеп жатқанымызды батыл айта аламыз. Бұл көңілді қуантады”,- деп атады Алматы қаласы ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Вера Цзин.

«I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасы Қазақстанның Әлеуметтік модернизациялау бағдарламасына сәйкес дайыналған. Ондағы негізгі міндеттердің бірі қазақстандық қоғамда белсенді өмірлік ұстаным мен әлеуметтік жұмысбастылықты қалыптастыру және дамыту жолымен әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске көшу болып табылады. Бағдарламаға сәйкес, жастарды тиімді түрде әлеуметтендіру үшін оқу процесін тұлғалық даму жөніндегі практикалық инновациялық курстармен толықтыру қажет. Олар білім алушылардың өздерін танытып, жетістікке жетуіне қажет дағдыларды игеруіне көмектеседі. Жоба 2011-2020 жылдарға арналған ҚР мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының міндеттеріне де сәйкес келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер