astana-view

Заң деңгейінде қорғау

2016 жылғы 29 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
9750 просмотров

Бизнеске қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілер Кәсіпкерлер палатасы сараптамасынан өтеді

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын міндетті сараптауды жүзеге асырады.

Аталмыш жұмыс Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі мен «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдарға сәйкес жергілікті өкілдік және атқару органдары кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық акт жобасын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен Ұлттық палатаға жолдауға тиіс. Оның үстіне сараптамалық қорытынды алу үшін түсіндірме жазба қоса тіркеледі, сонымен бірге аталмыш жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісуде де.

2015 жыл ішінде БҚО Кәсіпкерлер палатасына облыстағы, қала және аудандардағы жергілікті атқару және өкілдікті органдардан сараптамалық қорытынды алуға 160 нормативтік құқықтық акт жобасы келіп түскен.

Жобалардың негізгі мәселелері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемін бекітуге, аудандық коммуналдық мүлікті жалдауға беру кезінде жалдау төлемінің мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекітуге және т.б. қатысты болған.

Талдау көрсетіп отырғандай, БҚО Кәсіпкерлер палатасы келіп түскен 160 жоба ішінен 96 жоба бойынша ғана «Ескертусіз» сараптамалық қорытынды берген. НҚА 16 жобасы заңнама талабын орындамау салдарынан «Қаралмайды» деген қорытындымен қайтарылып, 48 жоба бойынша нормативтік құқықтық акт жобасына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін сараптамалық қорытындылар берілген.

Ескертулер мен ұсыныстардың 90%-ы дерлік толығымен ескеріліп, сараптау қорытындысын алғаннан кейін уәкілетті органдар НҚА жобаларына сәйкес өзгертулер енгізген.

Дей тұрғанмен, кейбір уәкілетті органдар НҚА жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және қабылдау қағидаттарын бұзумен жолдауын жалғастыруда.

Дайындаушылардың құжаттарды қабылдау мерзімін орындамауы, есептеулер нәтижелерінен тұратын түсіндірме жазбаның болмауы, қолданыстағы заңнама құқығы нормаларын қате түсіну, жобаларды БАҚ-қа міндетті түрде жариялау жөніндегі талаптарды орындамау – уәкілетті органдар жол беретін бұзулардың көп таралғандары осылар.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы сараптамалық қорытынды беру кезінде өңірдегі кәсіпкерлік субъектілерінің пікірлері мен ұсыныстарын міндетті түрде ескеретінін айта кету керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер