astana-view

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын өнімдердің айналым шарттары

2016 жылғы 02 Ақпан
10971 просмотров

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың 11-қаңтарынан бастап 1347 позициядан тұратын Тізілімдегі тауарларға кедендік әкелім бажы төмендеді.

Сонымен бірге, Қазақстан ЕАЭО-ның ветеринарлық сертификаттарының бірыңғай Формасынан өзгеше екіжақты сертификаттар бойынша ветеринарлық қадағалауға жататын тауарларды ҚР аумағына кіргізу жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алғанын еске саламыз. Еуропалық Одақ – Қазақстан Республикасы форматында келісілген сертификаттар тізіліміне 13 сертификат кірді.   

Осыған байланысты, 2016 жылдың 16 қазанында ЕАЭО елдерінің Басшылары қол қойған «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу және олардың айналысының кейбір мәселелері туралы» Хаттамаға сәйкес, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден енгізілген тауарлар және одан өндірілген өнімдер ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық саласындағы талаптар және ЕАЭО-ның қолданыстағы БКТ мөлшерлемелері бойынша енгізілген болса ғана қозғалысқа түседі.

Егер көрсетілген тауарлар, және одан өндірілген өнімдер  ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық саласындағы талаптардан өзгеше талаптар бойынша кіргізілген жағдайда, өзге мүше-мемлекеттердің аумағында қозғалысқа түсе алмайды.

Сол себепті, қайтадан Ветеринарлық бақылауға жататын және Тізілімге енгізілген тауарлар айналымының алгоритміне кәсіпкерлер назарын аударғымыз келеді:

– егер импорттаушы көрсетілген тауардың Одақ елдеріне экспортталмайтынына сенімді болса, онда ЕО-ҚР Сертификаты бойынша және егер енгізілген тауар алу Тізілімінде болса, онда төмендетілген әкелім бажы бойынша енгізуге болады;  

Егер кәсіпкер енгізілген тауарды ЕАЭО елдеріне жылжытуды жоспарласа, онда сол өнімнің ҚР-на ЕАЭО ветеринарлық сертификаты және ол алу Тізілімінде орналасқан жағдайда БКТ мөлшерлемесі негізінде енгізілуі қажет.

Тізілімге енгізілген (ЕАЭО нормалары бойынша кіргізілген) тауарлар әкетілімі үшін ветеринарлық сертификат болуы, сондай-ақ, оның Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінде бар болуы (БАБЖ) тиіс.

Ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын өнімдер Қазақстанда жасалған жағдайда:

  • Егер ҚР-да өндірілген өнім ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын, бірақ ЕО-ҚР сертификаттары бойынша енгізілген тауарлардан даярланған болса, онда оны Қазақстаннан тыс жерлерге шығаруға тыйым салынады;
  • Егер дайындалған өнім ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын, және де ЕАЭО сертификаттары бойынша енгізілген тауарлардан дайындалған болса, онда ол Тізілімде жоқ болса ғана шетке шығаруға рұқсат етіледі.

Егер 2-ші пунктте көрсетілген өнім Тізілімде бар болса, онда оны Одаққа мүше-мемлекеттерге шығару кезінде кәсіпкерде тауарға ілеспе құжаттар ретінде мыналар болуы тиіс:

  • СТ-1 формасында шығу тегі туралы сертификатының түпнұсқасы;
  • ҚР ҚМ мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары растаған электронды шот-фактураның көшірмесі;
  • ЕАЭО ветеринарлық сертификатының түпнұсқасы;
  • БАБЖ ветеринарлық  сертификатының бар болуы.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта ҚР «Атамекен» ҰКП ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен ҚР АШМ базасында қажетті сертификаттардың болуын тексеру мақсатымен, өңірлік кәсіпкерлер паталасының БАБЖ-не қол жеткізуі жөнінде Өзара әрекеттестік Регламентіне қол қою бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.

Осыған орай, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлармен экспорттық-импорттық қызметті жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлердің көрсетілген өнімдерді шетке шығару кезінде өңірлік палаталарға жүгінулерін сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер