astana-view

Құрылысты кедергісіз тұрғызамыз

2016 жылғы 03 Ақпан
9296 просмотров

Құрылыс саласындағы барлық рұқсаттар - бір терезе қағидаты бойынша берілу керек

Құрылыс саласындағы барлық рұқсат беру рәсімдерін біртұтас рұқсат беру рәсімдері жүйесіне топтастыру керек, – деп санайды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Мемлекеттік органдармен өзара байланыс болдырылмайды.

«ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 15 бабының 2 тармағында кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен мемлекеттік реттеу үрдісіндегі өзара байланыстарын шектеу үшін кәсіпкерліктің нормативтік құқықтық актілерінде «бір терезе» қағидатының қолданылуын қарастыру керектігі көрсетілген,  ол бойынша мемлекеттік органдардан талап етілетін барлық қажетті келісімдерді сол мемлекеттік органдардың өздері ведомствоаралық өзара әрекеттесу тәртібінде алу керек», – деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Юлия Якупбаеваның айтуынша, бүгінгі күні «бір терезе қағидаты» инвестицияларды тарту аясында жүзеге асырылады.

«Атап айтқанда, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабында инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторлармен инвесторларға арналған «бір терезені» құрц және қызметін қамтамасыз ету арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Инвесторларға арналған «бір терезе» қағидаты дегеніміз инвесторлардың құжаттарды жинап, оларды әзірлеуге қатысуын барынша азайтуды көздейтін және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектейтін, инвесторларға инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі орталықтандырылған жәрдемдесунысаны», – деп түсіндірді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Канадалықтар мен австралиялықтардан үлгі алдық

Оның айтуынша, бүгін ҚР Президенті ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға бағытталған «Үкімет азаматтар үшін» туралы  заң жобасына қол қойғаннан кейін қазақстандықтар көптеген мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алады деп жоспарлануда.

«Заң жобасы халықаралық, атап айтқанда, Канададағы мемлекеттік қызметтердің толық кешенін көрсететін бірыңғай Canada Service құқықтық жүйесі тәжірибесін есепке алады, яғни, онда барлық құжаттарды қабылдау, өңдеу және беруді бір ұйым іске асырады, және осыған ұқсас тәжірибе Австралияда Centrelink жүйесі аясында көрсетіледі», – деді Юлия Якупбаева.

Оның айтуынша, канададан қабылданған тәжірибенің мәні өтініш берілген сәттен бастап қызметтің нәтижесін алғанға дейін бірізді үрдістердің толық автоматтандырылуын және үздіксіздігін білдіреді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің австралиялық сұлбасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сапалы қызметтер көрсету негізгі бағыт болып табылады. Сондай-ақ, Ұлыбританияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның да тәжірибесі Қазақстан үшін оңтайлы және көрнекті тәжірибе болып табылады.

Ойын ережелері өзгереді

ҰКП басқарма төрағасының айытуынша кез келген құрылыс келесі бірізді кезеңдерден тұрады: бастапқы-рұқсат құжаттарды жинау және оларды рәсімдеу, жобаны жобалау, жобаны сараптамадан өткізу, құрылыс-жөндеу жұмыстары, пайдалануға беру. «Сондай-ақ, ғимараттың, құрылыстың немесе үй-жайдың меншік иесі жүзеге асыра алатын түрлі бағыттардың сипаты қарастырылған, мысалы тұрғылықты және тұрғылықты емес ғимараттарды қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), нысанның мақсатты фунциясын өзгерту, пайдалану мақсатын өзгерту, бұзу және т.б. Аталған кезеңдердің әрқайсысында кәсіпкер міндетті түрде лауазымды тұлғалар тарапынан болып жататын қағазбастылықпен, аса жоғары деңгейде қойылатын талаптармен, мерзімдердің аса тығыз белгіленуімен, сұралатын құжаттар санының негізсіз көбейіуімен және т.б. ұшырасады. Осындайда бір маңызды факторды есепке алмасқа болмайды, ол – біздің республикамыздың құрамында 16 облыстың бар екендігі, олардағы жер учаскесіне құқық беру тәртібі жергілікті актілермен реттеледі»,– дейді Ю.Якупбаева.

Оның айтуынша, бүніггі күні құрылыс саласындағы рұқсат құжаттарды Құрылыс істері жөніндегі комитет, ТКШ және Ұлттық экономика министрлігінің жер ресурстары басқармалары, жергілікті әкімдіктердің жанындағы жер қатынастары басқармалары, жергілікті әкімдіктердің жанындағы сәулет басқармалары береді.

«Жалпы, 33 мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға қарасты көптеген орталық және аймақтық ұйымдар, сондай-ақ, ойын ережелерін өздері белгілейтін монополисттер қызмет етуде, – деп пікір білдірді ҰКП Басқармасы төрағасының орынбасары, – Дәл осыған байланысты құрылыс саласында «бір терезе» қағидатын жан-жақты жүзеге асырғаннан тек оң нәтиже болады және оның енгізілуі әкімшілік кедергілер санын азайтады да лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алушылармен тікелей өзара байланысты болдырмайды».

Бірыңғай құжат қабылданатын болады

Юлия Якупбаева мәлімдегендей, 2015 жылдың жазында «Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы» ҰКП қамқорлығымен  ЗТБ негізінде құрылыс саласында бастапқы рұқсат құжаттарын беру мәселелері бойынша Бірыңғай ұлттық құжат болып табылатын Құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту ережелерін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған.

Құжатта мемлекеттік органға алғашқы рет барған кезден бастап нысан пайдалануға берілгенге дейін құрылыстың әрбір үрдісі, құжаттардың уәкілетті мемлекеттік органдарда және олардың ведомствоға қарасты ұйымдарда қаралуының нақты мерзімдері егжей-тегжейлі реттелген, келісілмеген мемлекеттік стандарттар мен регламенттер бірыңғайландырылған, рұқсат құжаттары тізімінен артық, қайталамалы құжаттар жойылған. Жұмыс тобының құрамына ҰКП, Құрылыс істер жөніндегі комитеттің, ТКШ және ҚР ҰЭМ Жер ресурстарын басқару басқармаларының, бейінді қауымдастықтар, әкімдіктер мен құрылыс ұйымдарының өкілдері кірген.

Жоспарда – Қала құрылысы кодексін әзірлеу

«Бүгінгі күні құрылыс саласындағы жетілдірілген құрылыс салу және рұқсат рәсімдерден өту ережелері қабылданған, алайда Жұмыс тобының жұмысы онан әрі жалғасуда. Біз жер учаскелеріне құқықтарды беру және оларды ресімдеу жөніндегі үрдісті оңтайландыру жұмысттарын жалғастырамыз (ҚР Жер кодексіне түзетулерді енгізу)». ҚР Ұлттық экономика министрлігімен қол жеткізілген уағдаластық негізінде жүзеге асырылатын келесі қадам – Қала құрылысы кодексін әзірлеу болып табылады»,– деп мәлімдеді Ю.Якупбаева.

2015 жылғы 30 желтоқсанда ҰКП Жұмыс тобы әзірлеген Құрылыс саласында рұқсат рәсімдерден өту және құрылысты ұйымдастыру ережелері ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен қабылданған.

Нәтижесінде бастапқы материалдарды беру мерзімі 91 жұмыс күннен 15 жұмыс күнге дейін (яғни, 6 есе рет қысқарған), нұсқа ретіндегі жобаны келісу мерзімі 30 жұмыс күннен 10 жұмыс күнге дейін (яғни, 3 есе рет қысқарған), сыртқы желілер жобаларын келісу мерзімі 30-60 жұмыс күнге дейінқысқартылған, ал жекелеген рәсімдер «бір терезе» қағидаты бойынша біріктірілген.

«Ережелер қабылданғанға дейін орта статистикалық объект құрылысын жүзеге асыра бастау үшін іс жүзінде 50-ге жуық рұқсат беру құжаттарын (рұқсаттар, хабарламалар, келісулер, қорытындылар және т.б.), 260-тан астам лауазымды тұлғалардың қолдарын алу керек болатын, сөйтіп, бұл үрдіс жалпы 3 жылдан 5 жылға дейін созылатын», – деп түйіндеді өз сөзін Юлия Якупбаева.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер