astana-view

МЖӘ-нің бүге шүгесі айтылды

2016 жылғы 08 Ақпан
- Павлодар облысы
17660 просмотров

Павлодарлық кәсіпкерлерге мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке қатысу ережелері мен іске қосылған жобалар жайында айтып берді

 МЖӘ-ке қатысудың бүге-шүгесі мен іске қосылған жобалар жайында кәсіпкерлердің тіпті де хабары жоқ болып шықты. Олар балабақшалар, тұрғын үйлер, жатақханалар, дәрігерлік емханалар және өзге де әлеуметтік нысандар, ТКШ саласы жобалары, спорт ғимараттары құрылысы секілді түрлі салаларға қатысты жобалар. 

«Бүгінгі кездесу  мемлекет үшін де, кәсіпкерлік үшін де өзара пайдалы жоба ретінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік идеяларын таныту мақсатында өткізіліп отыр. Кәсіпкерлік үшін қаражат салу тиімді болатын жобаларды біліп жүру аса маңызды», – деді Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Байсейітов.

Сонымен бірге ол Кәсіпкерлер палатасының МЖӘ-нің бірден-бір  қатысушысы екенін атап айтты.

«Палата жобалардың сараптамалық қорытындысын даярлауға қатысып, әлеуетті жеке меншік серіктестіктер тізімін жасайды, сондай-ақ жобалардың жүзеге асырылуын бақылайды», – деп түсіндірді Байсейітов.

Сарапшылар жобалардың әлеуетті орындаушылары өз ұсыныстарымен салалық уәкілетті органға барып жүгінуі керек, ал ұсыныстары мақұлданған соң кәсіпкерлікті қолдауды өңірлік технопарк мамандары қолына алады.

«Технопарктің басты міндеті – мемлекеттік органдардың, кәсіпкерліктің және ғылыми сарапшылардың қаржылық және зияткерлік мүмкіндіктерін біріктіріп, Павлодар облысының инновациялық даму көрсеткішін арттыру»,– деді облыстық технопарк жетекшісі Евгений Никитин.

Кездесу барысында «Свет» ҒӨК ЖШС энергиямен жабдықтау саласында және «ЭЛЕКТРОТРАНСРЕЕЛТО» ЖШС құрамында сынабы бар қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі өз жобаларын ұсынды. Тұтастай алғанда, кездесу МЖӘ идеяларын одан ары жүзеге асыруға түрткі болып, бірлескен жаңа бизнес-жобалардың пайда болуына жол ашылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер