astana-view

Астанада кәсіп ашу қиын ба?

2016 жылғы 08 Ақпан
13247 просмотров

ҰКП-ның өңірлердегі кәсіпкерлік климатты зерттеу қорытындылары

Көшбасшы өңірлер тұрғындарының кәсіпкерлік ниеттерін зерттеу ҚР-да кәсіпкерлік саласы дамудың ең бастапқы сатысында тұрғанын айқындады. Бұл сатыдағы кәсіпкерлік жеке дара, бәсекеге қабілетті қызмет түрі ретінде қалыптаспаған. Кәсіпкерлікпен айналысу ниетінің көрсеткіші тұрғысынан орта және төмен деңгейдегі өңірлерді айтпаған күннің өзінде, көшбасшы өңірлерде кәсіпкерлік саласына саналыдан гөрі мәжбүрлі түрде келеді. Болашақ кәсіпорындар ауқымы мен олардың қаржылық мүмкіндіктері тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіпорынның кірістілік деңгейі бойынша болашақ кәсіпкерлік бастамаларының төменгі әлеуетін көрсетіп отыр.

1.2. Бизнес-бастама деңгейі орташа өңірлер

Көшбасшы және аутсайдер өңірлермен салыстырғанда бизнес-бастама деңгейі орташа өңірлер болашақ кәсіпкерлер урбанизациясының жоғарғы көрсеткішіне ие. Бизнес-бастама деңгейі орташа өңірлердегі әлеуетті кәсіпкерлердің үштен екіден астамы қалаларда тұрады. Бұл категорияға енетін өңірлердегі болашақ кәсіпкерлер арасында қала тұрғындарының басым болуы осы топқа республикадағы ең ірі екі қаланың кіруіне байланысты.

Респонденттердің гендерлік құрылымы болашақ кәсіпкерлер арасындағы жыныстық теңдікті көрсетіп отыр.

Респонденттердің жас құрылымын талдау негізінде жастар (25-34 жас аралығы) - 25%, сондай-ақ егде жастағылардың (45-54 жас аралығы) - 23,1% басым тұрғанын анықталды. Ал 18-24 жас аралығындағы және (18%) 55-99 жас аралығындағы тұрғындар (14,7%) өте аз.

Тұтастай алғанда, жүргізілген талдау көрсеткендей, кәсіпкерлік бастама деңгейі орташа өңірлер көшбасшы өңірлерден бірқатар көрсеткіштер бойынша артта қалып келеді. Мәселен, биснес-бастама деңгейі орташа өңірлерде жақын таныстар тәжірибесіне сүйене отырып кәсіпкерлікті жүзеге асыру мүмкіндіктері жөніндегі болашақ кәсіпкерлердің ақпараттану көрсеткіші айтарлықтай төмен деп айта алмаймыз (13-сурет).

Зерттеу тобының құрамындағы облыстардың ішінде 10 жас кәсіпкердің 9-ы өз таныстарының табысты кәсіпкерлігі жайында ақпары бар екені айқындалған Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстары жоғары көрсеткіштерге ие болды. Жоғарыда айтылған өңірлердің көшбасшылығы, біздің ойымызша, ондағы шағын және орта кәсіпорын субъектілерінің артуымен байланысты, ал бұл, өз кезегінде, өзге де әлеуетті және жас кәсіпкерлерді шабыттандырады.

Берілген көрсеткіштер бойынша артта келе жатқан облыстар ретінде Жамбыл және Қостанай облыстарын айтуға болады. Бұл өңірлердегі әлеуетті кәсіпкерлердің ақпараттануы орташа көрсеткіштен аздап төмен.

Өзге өңірлерде ақпараттанудың орташа көрсеткіш байқалды.

Әлеуетті кәсіпкерлердің ақпараттану деңгейі, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Болашақ бизнес бастамалар деңгейі орташа өңірлердің таяу арадағы қолайлы жағдайлар туындау көрсеткіші де осыған ұқсас. Өз ісін бастау үшін қолайлы жағдайлар туындау болашағы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында анағұрлым жарқын. (14-сурет).

Өңірде жаңа іс ашу мүмкіндіктері, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Өңірлер арасындағы 4 облыс (Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстары) пен Астана қаласында жасалған жағдайлар қолайлылығы бұған қарағанда біршама төмен.

Алғашқы екі облыстың Ресеймен шекаралас аймақтарында орналасуы әлеуетті кәсіпкерлердің өңірде өз ісін ашу мүмкіндіктеріне дұрыс баға бермеуіне себеп болуы мүмкін.

Жамбыл облысы көрсеткіштерінің төмен болуын шығарылған өнім мөлшерінің аз болуы, ШОК саласында жұмыспен қамтудың төмен деңгейі және т.б. арқылы көруге болатын өңірдегі кәсіпкерлік саласының сәл ғана дамуымен түсіндіруге болады.

Астана қаласы әлеуетті кәсіпкерлерінің кәсіпкерлік бастау жағдайындағы күтілетін өзгерістері бойынша салыстырмалы пессимизмі кәсіпкерлікті бастаудың астана жағдайындағы ерекшеліктеріне байланысты. Бүгінгі күні қала қарқындап дамып келеді, оның ішінде ШОК есебінен де. Ел ЖӨӨ-гі ШОК өнімдері мен қызмет түрлерінің ауқымды үлесі, сонымен бірге компаниялардың көптеп шоғырлануы жаңа компаниялар үшін жалпы нарыққа шығу көптеген критерийлер бойынша белгілі қиындықтар тудырып отыр. Олар: жалға алынатын алаңдардың қымбат болуы, бәсекенің жоғары болуы, шетелдік компаниялардың болуы, тұтынушылар тарапынан қойылатын талаптардың жоғары болуы және т.б.

Әлеуетті кәсіпкерлердің біліктілік деңгейі бойынша бизнес-бастама деңгейі орташа өңірлер көрсеткіші көшбасшы өңірлер көрсеткішінен жоғары (15-сурет). Осылайша, сауалнама нәтижелері көрсеткендей, берілген топтағы өңірлердегі 10 әлеуетті кәсіпкердің 6-ы өз ісін бастауға қажетті білім мен тәжірибе көрсеткіштері бойынша жоғары деңгейге ие.

Топ ішіндегі анағұрлым жоғары білім көрсеткіші Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында байқалды. Ал өзге облыстар орташа деңгейден болар-болмас қалып келеді.

Әлеуетті кәсіпкерлердің біліктілік деңгейі, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Айта кететін бір жайт, бизнес-бастама деңгейі орташа өңірлерде байқалған қауіп-қатерге бағдарлану деңгейі көшбасшы өңірлердің болашақ кәсіпкерлерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткішке ие. Бастайтын ісінің болашағына сенімділіктің жоғарғы деңгейі үш облыста: Шығыс-Қазақстан (10 жас кәсіпкердің 9-ы өз ісін бастай алатынына сенімді), Қостанай (10-ның 8-і) және Маңыстау (10-ның 8-і) облыстарында байқалған (16-сурет).

Салыстырмалы түрде төмен көрсеткіштер (қорқыныштың жоғары деңгейі) Павлодар облысы мен Астана қаласында.

 Әлеуетті кәсіпкерлердің сенімділік деңгейі, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Бизнес-бастама деңгейі орташа топтағы болашақ кәсіпкерлердің пікірінше, Атырау және Батыс-Қазақстан облыстарын қоспағанда, ел тұрғындарының көбі өмір сүрудің қалыпты жағдайын таңдайды.

Кәсіпкерлік дүниетаным деңгейі, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Сонымен бірге әлеуетті кәсіпкерлердің көбі кәсіпкерліктің болашағы бар мансап екенін және маманданудың жақсы таңдауы екендігін құптайды және кәсіпкерлер қоғамда жоғары дәрежеге ие деген көзқараста (бұл пікірмен 10 адамның 8-і келіседі). Бұл көрсеткіш бойынша әлеуетті кәсіпкерлердің көп бөлігі оң пікірде болғандығы көңіл қуантады, себебі қоғамда кәсіпкерліктің дұрыс бағалануы кәсіпкерліктің алғашқы деңгейінің дамуына зор ықпал етеді.

Кәсіпкердің жағымды бейнесін қалыптастырудағы БАҚ жұмысын бағалау нәтижелері біржақты емес. Екі облыс (Жамбыл және Павлодар облыстары) пен Астана қаласы өте жоғары (80%-дан жоғары) деңгейді көрсетті.Ал Маңғыстау, Қостанай және Батыс-Қазақстан облыстары төмен көрсеткішке ие болды.

Респонденттердің көбі бұл топтағы өңірлердің жаңа іс бастау үшін қолайлылығы төмен деп есептейді. Мәселен, 10 әлеуетті кәсіпкердің 4-і ғана Қазақстанда кәсіп жасау оңай деп санайды. Қостанай және Батыс-Қазақстан облыстарының респонденттері кәсіпкерлік ашу жағдайларына жақсы баға берген. Ал 10 респонденттің 2-і ғана елде жаңа іс бастау оңай деп есептейтін Астана қаласының болашақ кәсіпкерлері елде кәсіпкерлікпен айналысу үшін айтарлықтай жағдайлар жасалмағандығын айтады. Бұл жоғарыда айтылғандай ондағы кәсіпорындар тығыздығы мен бәсекенің жоғары деңгейімен байланысты.

Сонымен бірге әлеуетті кәсіпкерлердің аз бөлігі кәсіпкерліктің әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отырғанын айтады. Бұл тұста да Астана өзге облыстармен салыстырғанда артта қалып келеді. Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарының респонденттері кәсіпкерлік жоғары әлеуметтік бағыттылықпен сипатталады деп есептейді.

Бизнес бастама деңгейі орташа өңірлердің өз ісін бастау үшін нақты қадамдарды жүзеге асыру бойынша көрсеткіштері көшбасшы өңірлермен салыстырғанда төмен екені байқалды.

Дереккөз: «Атамекен»ҚР ҰКП ҚР Ұлттық экономика министрлігі тапсырысы бойынша жүзеге асырылған Қазақстан өңірлеріндегі биснесті жүргізу жағдайларын зерттеу


Еншілес ұйымдар

Серіктестер