astana-view

Бизнес пен білімнің өзара ықпалдастығы

2016 жылғы 09 Ақпан
- Алматы қаласы
12885 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Алматыда салалық кластерлер құрылады

Бизнес пен білім саласының арақатынасы аясында талап етілген кадрларды даярлау мен сетификаттау тұңғыш рет Қазақстанда модернизациялаудың мейлінше жаңа деңгейіне өтті. Салалық кластерлер – «Атамекен» ҰКП-да, базалық кәсіпорындарда, профилді оқу орындары мен колледждерде, салалық сертификация орталығында аккредитациядан өткен, республикалық салалық жұмыс берушілер қауымдастығын қатыстыра отырып, білім беру, өндірістік, кадрлық, инновациялық, ақпараттық, қаржылық және кең көлемдегі материалдық ресурстарды біріктіріп мамандарды даярлау мен сертификаттаудың желілік формаларының принципі бойынша жұмыс істейді.

2015 жылы Алматыда 2 оқу орталығы ашылды. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны қауымдастығы жанынан «Шебер» мамандардың біліктілігін көтеру мен қайта даярлау оқу орталығы және электроэнергетика саласының мамандары үшін «Format Group» кәсіпорны жанынан мамандардың біліктілігін көтеру мен даярлау, қайта даярлау ресурстық оқу орталығы. 2014 жылғы Алматы кәсіпкерлер палатасы келісімдерінің нәтижесінде мегаполисте салалық қауымдастық (Қазақстан туристік қауымдастығы, Қазақстан тамақ өнеркәсібі Одағы, ҚР баспалар, полиграфистер  және кітап тарату қауымдастығы, ҚР жиһаз және ағаш өңдеу қауымдастығы) жанынан кадрларды сертификаттау және біліктілігін көтеру, дарлау, қайта даярлау оқу-әдістемелік кластерлер саласындағы 5 үйлестіру орталығы мен «Қазақтелеком» АҚ оқу орталығы жұмыс істейтін болды. Аталған орталықтардың базасында қалалық экономика саласының 1742 маманы қайта даярлау және біліктілігін көтеру бойынша тағылымдамадан өтті.

2016 жылы экономика саласы, атап айтқанда, құрылыс пен қаржы секторы үшін тағы екі оқу-әдістемелік кластерлер ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2016 жылы мамандарды кластерлік даярлау жүйесінде кластерлер жанынан салалық сертификаттау орталығы жүйесін ашуға басымдылық беріледі.

«Біліктілікті көтеру немесе иелену туралы сетификатты Білім министрлігінің бұрынғы бөлімдері, яғни қазіргі РҒӘО-ның жеке мекемелері емес, тәуелсіз құрылым беруі керек. Біз салалық қауымдастық жанынан Сертификаттау орталығын құруды ұсынамыз. Біліктілік комиссиясының құрамына маманның шынайы білімін бағалай алатын сол кәсіпорынның жұмысшылары, болашақ жұмыс берушілер кіруі тиіс», – деді Алматы Кәсіпкерлер палатасы Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Вера Цзин.

Қазіргі таңда колледж түлектерінің біліктілігін сертификаттау жұмысын бұрынғысынша Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілікті беру республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы іс-жүзінде монополиялы түрде жүргізеді. РҒӘО 2005 жылы мамандарға біліктілігін растау және берудің расында тәуелсіз жүйесін құру үшін бастама ретінде шыққан уақытша құрылым болып құрылды. Көріп отырғанымыздай, сертификаттау құзыретін салалық қауымдастықтарға беру процессі созылып кетті. Кадрларды сетификаттаудың әлемдік тәжірибелері білім беру жүйесінен тәуелсіз түрде және салалық мазмұнда құрылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер