astana-view

Барлығы бизнесмендердің қолайлылығы үшін

2016 жылғы 09 Ақпан
- Маңғыстау облысы
12257 просмотров

Маңғыстау облысыныың кәсіпкерлер палатасы жанында Кәсіпкер бұрышы жұмыс істей бастады

Енді экспортқа арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға мүдделі кәсіпорындар өз кабинетінен шықпай-ақ, қажетті құжаттарды осы жерде ресімдей алады. Жеке кабинет, жұмыс үстелі, интернетке қосылған компьютер, оған қоса Wi-Fi, принтер мен сканер кәсіпкердің уақытын үнемдеуіне және өз орнында отырып Палата сарапшыларымен бірге сұрақтардың шешімін табуына мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер палатасына жиі келетін қонақтардың бірі –  Қазақстанда аммиак және аммиак селитрасын бірден-бір өндіруші «ҚазАзот» ЖШС. Кәсіпорын агроөнеркәсіп кешені мен тау-кен өңдеу саласының қажеттіліктеріне арналған минералды тыңайтқыштар шығаруға бағдарланған химиялық өнімдер өндіреді. Компания өз өнімін Түркменстанға, Әзірбайжанға, Грузияға, Ресейге, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Украинаға, Балтық жағалауы елдеріне және басқа шет елдерге экспорттайды.

 «ҚазАзот» ЖШС маркетинг және өткізу департаментінің жетекші маманы Наталья Полищук атап көрсеткендей, ҚР-дан эскпортталатын тауардың шығу тегі жайлы сертификатты алу үшін Кәсіпкерлер палатасына жиі келуге тура келеді. Тек қаңтар айынан осы күнге дейін «ҚазАзот» ЖШС-не 160-тан астам сертификат берілген екен.

«Кәсіпкер бұрышы – дер кезінде қолға алынған және пайдалы идея, біз уақытымызды үнемдейміз және осы жерде-ақ сертификаттау мамандарының көмегіне жүгіне аламыз. Бұрын мұндай болған емес. Егер де қателік кетсе, не болмаса қандай да бір құжаттар жетіспей қалса, біз түзетілген құжаттарды алып бірнеше рет келуге мәжбүр болатынбыз. Ал, қазір бәрі керісінше, Палата қызметкерлері бүкіл мәселелер бойынша бізге көмектеседі. Оған қоса, мұнда күні бойы жүріп өз ісіңді тындыруға болады. Бұл өте ыңғайлы, себебі біздің компаниямыз өнеркәсіптік аймақта, яғни, облыс орталығынан 30 км қашықта орналасқан. Осылайша, біз уақыт үнемдеумен қоса, алысқа ұзамай-ақ бүкіл мәселелерімізді шешіп аламыз»,– дейді «ҚазАзот» ЖШС өкілі.

«СТ-KZ» формасында тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру рәсімі мен тәртібі өткен жылдың ақпанында бекітілген Тауардың шыққан елін анықтау ережелерімен реттелген. Сарапшылар ұсынылған бүкіл құжаттарға талдау жасайды, содан кейін барып сертификат беріледі.

«Кәсіпкерлер бұрышы бизнес өкілдерін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Біз алдағы уақытта да сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін бұдан да қолайлы жағдайларды жасау бағытындағы тиісті жұмыстарды жалғастыруды көздейміз», – деді Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы тауарлардың шығу тегін сертификаттау жөніндегі бөлім басшысы Асхат Ноғаев.

Өткен жылдың желтоқсан айынан наурызға дейін Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы ішкі айналым үшін 718 СТ-KZ сертификатын және экспорт үшін 637 сертификат бергенін атап айту қажет. Осылайша, Палата сарапшыларының сауатты әрі жедел әрекеттерінің арқасында барлығы 1 355 сертификат берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер