astana-view

Қолдау тапқан идея

2016 жылғы 09 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12241 просмотров

ӨКП филиалдары өткізген оқыту семинарлары оңды нәтижелер беруде

Аққайың ауданында ұйымдастырылған «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру жөніндегі семинарға қатысқан Шағалалы ауылының тұрғыны Дина Байқанова бастаушы кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау құралдарына қызығушылық танытты. Филиал кеңесшілерімен жан-жақты әңгіме құрғаннан соң, оның қызығушылығы арта түсті. Өз мүмкіндіктерін таразылап алып және жұмысқа тұру болашағына талдау жасап, ол өз отбасымен бірге бағдарлама мүмкіндіктерін пайдалану керек деп шешті.

Үй шаруашылығын жүргізуде біршама тәжірибесі бар Байқановтар отбасы жылқы өсіріп, жылқы еті мен қымыз өнімдерін шығарумен айналыспақ болды. Бизнесті жүргізу бойынша көздеген мақсатына жету үшін Дина Кеңесқызы Аққайың аудандық Кәсіпкерлерді қолдау орталығына барып жүгінді. Онда бастамаға қолдау білдіріп, бизнес-жоспарды құруда көмек көрсетілді. Болашақта Байқановтар шаруашылығы 10 жылқыға толығуы тиіс.

Бұдан соң Орталық кеңесшісі Айман Рақымжанованың бастамасымен кепілдік мүлікті алдын ала бағалау үшін Петропавл қаласының бағалау компаниясынан маман шақырылып, несиелендіруді қамтамасыз ету үшін кепіл мүлікке баға беру жүзеге асты. Бүгінде бастаушы кәсіпкер Дина Байқанова және аудандық филиал ұжымы мен директоры Руслан Аитов  несие берудің мақұлдануы мен жобаның ауылшаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры арқылы қаржылануын күтіп отыр.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» шын мәнінде бірегей жүйе болып саналады, оның мақсаты – тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, олардың әл-ауқатын көтеру және жұмыссыздықты азайту»,– деп түсіндіреді Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданы Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Аитов әлеуетті кәсіпкерлермен өткен басқосуларда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер