astana-view

Аграрийлерге арналған мөлшерлеме өзгермейді

2016 жылғы 09 Ақпан
8750 просмотров

«ҚазАгро» АӨК субъектілерін қаржыландыру ережелерін сол қалпында қалдырады

Бүгін Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру шарттары жайында мәлім болды, бұл туралы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлыбек Малелов ОКҚ брифингінде баяндады. Ол «ҚазАгроның» орналастыру мөлшерлемесі, кез келген несие ұйымындағыдай, қорландыру мөлшерлемесіне байланысты екендігін атап көрсетті. «Яғни, біз теңге өтімділігінен алатын мөлшерлемеге байланысты анықталады. Сәйкесінше, біз келешекте  соңғы қарызгерге қойылатын пайыздық мөлшерлеме өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ, өткен жылы  қорландыру Бірыңғай жинақ қорынан алынғандықтан, бұл бізге осы жылы пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде –   жылына 14% мөлшерде сақтауға мүмкіндік береді, оның ішінде 7%-ын мемлекет субсидиялайды», – деп түсіндірді Малелов.

Ол  «ҚазАгроның»  еншілес компаниялары – Аграрлық несие корпорациясы мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы, өз кезегінде, АШӨӨ қарызгерлерін «тікелей де, сонымен бірге ауылдық несиелік серіктістерінің өңірлік желілері мен микронесиелендіруші ұйымдар арқылы да қаржыландыра алатынын» айтып өтті.

«Бұл жағдайда бюджеттік қаржыландыру, елдегі күрделі нарықтық ахуалға қарамастан, өткен жылдардағыдай, АӨК субъектілерін несиелендіру шарттарын сақтауға көмектеседі», – деп атап өтті Н.Малелов.

«Осылайша, холдингтің еншілес кәсіпорындары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 5%-дық мөлшерлеме бойынша тікелей қаржыландыруды ұсынады. Несиелік серіктіктер мен микронесиелендіру ұйымдары өз мүшелерін жылына 9%-дан аспайтын мөлшерлемемен несиелендіреді. Мұнда несиелік серіктіктерде соңғы сыйақы мөлшерлемесін қатысушылар өздерінің ортақ шешімімен тағайындайтынын атап айту қажет», - деп көрсетті «ҚазАгро» жетекшісі.  

Малеловтың мәліметтері бойынша, еншілес компаниялар арасында қаражат бөлінген соң, «қалған ақша АӨК қатысушыларын – екінші деңгейлі банк клиенттерін өткен жылдардағыға ұқсас шарттармен қаржыландыруға жұмсалатын болады».

«Соңғы қарызгерге арналған сыйақы мөллшерлемесі – жылына 7,41%-дан аспайды», – деп сендірді Нұрлыбек Малелов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер