astana-view

Өңірден шығарылатын жаңа отандық өнім

2016 жылғы 11 Ақпан
- Маңғыстау облысы
8946 просмотров

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында минералды су шығаратын жаңа нысан ашылуға жақын. Бұған өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев аталмыш ауданның Шайыр ауылына жасаған жұмыс сапары аясында, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен танысу барысында көз жеткізді.

Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысының екінші бесжылдығына арналған Индустрияландыру картасын жасақтау және жаңа жобаларды енгізу жүмыстарына сәйкес, «Шетпе Сулары LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы құны 225 млн. теңгеге құрайтын минералды су шығаратын зауыты инвестициялық жобасы іске қосылғалы жатыр. Бұл жоба Маңғыстау облысының Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің 2015 жылдың маусымында қаралып, аймақтық Индустрияландыру картасына еңген болатын.

Зауытта минералды су шығару технологиясының және суды құятын пластикалық бөтелкелерді дайындау құрылғыларын реттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Зауытта атқарылып жатқан жұмыстармен өндіріс басшысының орынбасары Рафхат Қорабаев таныстырды.

Құрылыс жұмыстары 2014 жылы бастау алған зауыттың жер көлемі 0,7га құрайды. Қазіргі таңда өндірісті іске қосу мақсатында толыққанды жұмыстар жүргізілуде. Зауытта минералды судың газдалған және газдалмаған түрде шығарылуы қарастырылған. Өнім әртүрлі сыйымдылықтағы 0,5 литр, 1 литр, 1,5 литр, 5 литр, 6 литр және 19 литр ыдыстарда шығырылады. Барлық пластикалық ыдыстар да осы зауытта дайындалады. Дайын өнім «Шайыр суы» және «Мөлдір су Шайырдан» атты екі маркада шығатын болады. Конвейер сағатына 0,5 литр - 2200 дана, 1 литр - 2000 дана, 1,5 литр - 1800 дана,  5 литр - 120 дана, 6 литр - 110 дана және 19 литр - 100 дана өнім шығаруға қауқарлы. Бүгінгі таңда зауытқа ауданнан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 14 адам жұмысқа тартылған.  Алдағы уақытта зауыт іске қосылған соң, ауданнан қосымша 15 адам жұмысқа қабылданбақ.  

Кәсіпкерлер палатасы тарапынан, зауыт басшысына су өніміне Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарт сертификатын алу жөнінде, жұмысқа аудан тұрғындарын «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша қабылдау туралы жәнеде тағы сондай басқада мәселелерді шешу жөнінде кеңестер берілді.  

Зауыттың құрылыс-жабдықтау жұмыстарымен танысып шыққан өңірлік кәсіпкерлер Палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев, шалғай ауылдардағы кәсіпкерлердің басқа облыстарға, алыс-жақын шетелдерге танылуына күш салуға дайын екендігін жеткізді.

«Ең бастысы осындай қолынан іс келетін азаматтарға СТ-KZ сертификатын алу мәселесін тез арада шешіп беруге дайынбыз. Аталмыш сертификат арқылы олар арнайы экономикалық аймақтарда әрекет етуіне болады, сондай-ақ өз тауарларын өзге елдерде таратып, мемлекеттік сатып алу кезінде артықшылыққа ие болуға мүмкіндіктеріне қол жеткізеді. Экспортқа жөнелтілетін тауардың шығу тегін анықтап, халықаралық нарық жағдайына бейімделуге бет бұруына ықпал етуге дайынбыз», - деп өз сөзін түйіндеді Жаңбырбай Сұлтанұлы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер