astana-view

«Көпес» кәсіпкерлерді шақырады

2016 жылғы 11 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12360 просмотров

Мамлютка қаласының тұрғындары «Көпес» сауда орталығында жеке кәсіпкерлер ұсынатын тауарларға дән риза

Бірақ 11 ақпан күні мамлюткалықтар сауда орталығында өздеріне жіті таныс сатушылармен ғана емес, Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының бүкіл ұжымымен кездесті.

Филиал қызметкерлері Қазақстан Республикасы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының қызметі жайлы айтып берді, мемлекеттік бағдарламалармен және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шараларымен таныстырды.

Осындай ерекше флэшмобты өткізуге дейін күні бұрын сауда орталығында сұрақтарды жинауға арналған жәшік қойылды және аудан орталығының халық ең көп жиналған орындарында кездесу өтетіні туралы хабарландырулар ілінді.   

Жеке кәсіпкерлерді негізінен «БЖК-2020» бағдарламасындағы түйінді сұрақтар мазалайтыны белгілі болды, айталық, айналым қаражатын толтыру үшін несие алу, жаңа бастаған кәсіпкерлерді несиелендіру рәсімі, гранттық қаржыландыруға қатысу тәртібі, және басқалар.  

Оған қоса, «Бизнестің жол картасы – 2020» бойынша несие алуға қызығатын сатып алушыларға да кеңес берілді (жұмыссыздар, зейнеткерлер, бала күтімімен демалыста отырған аналар).

Кездесуге қатысушылар алдында «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» жинағының тұсауы кесілді, бұл жинақпен аудандық филиалдың кеңсесінде ғана емес, сонымен бірге аудандық кітапханада да танысуға болады. Әлеуетті және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге ШОБ-ті дамыту және қолдау жөніндегі брошюралар таратылды. ӨКП сарапшылары мен аудан КҚО кеңесшілері бизнесті қорғау туралы әңгіме өткізді.

Филиал директоры Нина Василенко кеңесшілермен бірге сұрақтарды жинауға арналған жәшікте қалдырылған сұрақтарға және филиалдың жұмысы жөніндегі ұсыныстарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылар Кәсіпкерлер палатасының филиалына бұл шараны тікелей кәсіпкерлер ортасында ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Өйткені олардың қандай да бір сұрақтармен филиалға келе беруге уақыттары жоқ.  Сол себепті олар проблемалық мәселелерді  филиал ұйымдастырған кездесуге қатысқан мемлекеттік органдар өкілдерінің көзінше өз ауыздарымен жеткізгені маңызды.

Жеке кәсіпкер Ирина Дмитриеваның бақылау-кассалық машина мәліметтерін түзеуге қатысты өзекті мәселені оң шешуге көмектескені үшін филиал жұмысына білдірген ризашылық сөздері филиал қызметкерлеріне тосын қуаныш сыйлады.    

Мұндай кездесулердің өзекті екендігі сөзсіз және де филиал жергілікті бизнес өкілдерімен және тұрғындармен бірге өтетін осындай іс-шараларды тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер